Табиғаттағы ең ашшы дәм табылды
|

Мюнхен техникалық университетінің (Германия) ғалымдары Amaropostia stiptica саңырауқұлағынан бұрын белгісіз болып келген үш ашшы қосылысты тапты, міне, солардың бірі планетадағы ең ашшы зат болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Agricultural and Food Chemistry (JAFC) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ашшы дәм әдетте тағамның қауіптілігінен хабар беретін қорғаушы тетік ретінде саналатын. Алайда, жаңа саңырауқұлақ өье ашшылығына қарамастан улы емес, яғни, зиянсыз болып шықты. Неміс ғалымдары олигопорин D. деп аталатын затты бөліп шығарды. Оның ашшылығы соншалықты – бір түйірінің өзі 2,5 млн литр су сиятын олимпиадиялық хауыз суды ашшы етеді. Ғалымдар бұл бағытта дәм жасушаларында бөлінген қоспаларды сынап көрді және олардың әрқайсысы кемінде адамның 25 ашшы рецепторлардың біреуін белсендіретінін анықтады. Әсіресе, ашшы заттарды тануға жауап беретін TAS2R46 рецепторының белсенділігі күрт артқан. Осы күнге дейін ғалымдар негізінен өсімдіктер мен синтетикалық заттардың ашшылығын зерттеп келген еді, ал саңырауқұлақтар, бактериялар мен жануарлар назардан тыс қалған болатын. Жаңа дерек 500 млн жыл бұрын - гүлді өсімдіктерден бұрын пайда болған дәмдік рецепторлардың эволюциясын түсінуге көмектеседі.




