Түрік ғалымы обыр дертін анықтайтын жаңа технология ойлап тапты
Түрік ғалымы обыр дертін анықтайтын жаңа технология ойлап тапты
6 жыл бұрын 3229 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түрік ғалымы ойлап тапқан жаңа технология бойынша қатерлі ісік жасушасының пайда болғанын адам ағзасының температурасына қарап анықтауға мүмкіндік бермек. Аталмыш технология мүмкііндігі осы заманғы қатерлі ісік белгісін анықтауда қолданылатын маммография және ультрасонография секілді обыр диагнозын қоятын әдістермен бірдей бағалануда. Таяу Шығыс техникалық университетінің электротехника және электроника кафедрасының оқытушысы, профессор Незат Геншердің бұл технологиясы АҚШ-та патентке ие болып, медициналық әдебиетке енгізілді. Ғалымның сөзіне қарағанда, өзі ойлап тапқан технология қорғаныс өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын инфрақызыл камераның көмегімен адам ағзасының температурасын өлшеп, қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік бермек. Бұл технология, әсіресе, әйелдерге тән сүт безінің обырын ақытауға таптырмайды. Яғни, пайда болғанынан көп уақыт өте қоймаған, дәлірегі, 3 текше миллиметр көлеміндегі қатерлі ісік жасушасын 3 сантиметр тереңдіктен анықтауға көмектеседі. Ғалымның айтуынша, қатерлі ісік жайлаған жасушада қан шоғырланып, өзгешелігі өзгереріп отырады. Осыған орай оның электр өткізгіш қасиеті де өзгереді. Міне, осылайша, электр тогы мен инфрақызыл камераны пайдалану арқылы ерте бастан қатерлі ісік жасушасын анықтауға болады. 

0 пікір
Мұрағат