|
Қоғамдық көлікті тегін қылатын әлемдегі тұңғыш ел
|
Люксембургте 2020 жылдың наурыз айының 1-нен бастап, қоғамдық көлік түрлерінің барлық түрлері, соның ішінде теміржол, автобус, трамваймен жол жүру тегін болмақ. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі аталмыш елдің қоғамдық көлік жөніндегі министр Франсуа Баушқа сілтеме жасай отырып хабар таратты. Люксембург билігі осылайша қоғамдық ортаға зияны көп автокөлік ағынын азайтуды әрі кептеліс мәселесін шешуді көздеп отыр. Жыл сайын көршілес елдерден, атап айтқанда, Германиядан, Белгиядан, Франциядан Люксембурге 200 мыңға тарта адам жұмысқа келеді. Қазірдің өзінде Люксембург билігі қоғамдық көліктің жолақасының 90 пайыз шығынын көтеріп отыр. Қоғамдық көлікті тегін ету жылына 40 млн еуро шығынды қажет етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)