Түндегі жасанды жарық Альцгеймер ауруына шалдықтыратын қауіпті арттырады
Түндегі жасанды жарық Альцгеймер ауруына шалдықтыратын қауіпті арттырады
7 күн бұрын 896 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Альцгеймер ауруы мен қоршаған ортаның жарықпен ластануы арасында байланыс бары анықталды. Мұндай дерек Америка құрама штаттарының 50-ден астам штатында жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр. Түнгі жарықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамның, әсіресе, жастардың алжу (деменция) қатері соғұрлым артатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу процесі барысында білікті мамандар тәжірибеге қатысушылардың барлығының медициналық деректерін сараптады. Содан кейін олар өз аймақтарындағы түнгі жарық деңгейіне байланысты бес топқа бөлінді. Нәтижесінде жастар мен жасы 65-тен асқандарға түнгі жарықтың хиянды әсері күшті болып шыққан. Ғалымдар алдағы уақытта жарықтың невролоиялық аурулардың дамуына қалай әсер ететінін, дәлірегі, әсер ету тетігін табу бағытында тер төгетін болады.

Ұқсас материалдар:

«Түнгі жарық пен ластанған ауа инсульт алу қатерін арттырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/tungi-jaryq-pen-lastangan-aua-insult-alu-qaterin-arttyrady-20079/#gsc.tab=0);

«Түнгі жарық күйзелістің пайда болу қатерін 30%-ға арттырады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/tungi-jaryq-kuizelistin-paida-bolu-qaterin-30-ga-arttyrady-19282/#gsc.tab=0);

«Түнгі жарық пен көру қабілетінің төмендеуі арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/tungi-jaryq-pen-koru-qabiletinin-tomendeui-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-19734/#gsc.tab=0);

«Жасанды жарық жарға жығады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-jaryq-jarga-jygady-15517/#gsc.tab=0);

«Жасанды жарық тіршілікке қауіпті болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-jaryq-tirshilikke-qauipti-bolyp-shyqty-10394/#gsc.tab=0);

«Түнгі жарықтың қоршаған ортаға тигізер алапат әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-jaryqtyn-qorshagan-ortaga-tigizer-alapat-aseri-14362/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат