Трaнасформер дрон тек ұшып қоймай, суға да сүңгиді (видео)
Трaнасформер дрон тек ұшып қоймай, суға да сүңгиді (видео)
3 жыл бұрын 1569 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: Aerial Robotics Lab, Imperial College London

Лондондағы империялық колледж инженерлері дрон мен суасты мониторингісін біріктірген «қос мекенді робот» жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған университеттің баспасөз қызметіне (imperial.ac.uk) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. MEDUSA деп аталатын бұл құрылғы суасты ортасына қашықтан мониторинг жүргізуге арналған, робот судың үлгісін алады, суастын суретке түсіреді, сондай-ақ, суасты инфрақұрылымын бақылау, т.б. мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Инженерлердің айтуынша, роботтың әуе бөлігін жасау үшін өзінің тиімділігін көрсеткен дрондардың салалық стандарты таңдалған. MEDUSA көтергіш винттермен жабдықталған мультикоптермен қозғалады. Су бетіне жеткенде, дрон қонып, бекітілген камерасы мен сенсорлары бар жылжымалы су асты бағанасын орналастырады. MEDUSA температура мен рН сенсорларымен жабдықталған. Сонымен қатар, робот микроорганизмдердің бар-жоғын анықтау үшін видео түсіріп, су үлгілерін алады. Құрылғы 10 метр тереңдікке дейін «бойлай» алады. Дрон операторы нақты уақыт режимінде сенсорлардан ақпаратты және бейне кескінді алады. Қашықтан басқару пульті арқылы қалтқы мен ағындарды басқару арқылы капсуланың судағы тереңдігі мен үш өлшемді орнын реттей алады. Мұндай құрылғы адам мүмкіндігі шектеулі қиын аймақтарда экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Экологтар әдетте су айдындарын бақылау үшін қайықтарды пайдаланады. Осылайша MEDUSA роботы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті шатқалдар мен тік құлама жартастарда, суастында, т.б. өңірлерді зерделеуге септігін тигізеді. MEDUSA қос конструкциясымен өзгеше робот.

0 пікір
Мұрағат