Тозаңдануды аралардың орнына роботтар жүзеге асырады
Тозаңдануды аралардың орнына роботтар жүзеге асырады
6 жыл бұрын 3644 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Том политехникалық университетінің ғалымдары жаһандық жылынуға байланысты аралардың әлем бойынша азайып келе жатқанынан алаңдап, оларды алмастыратын, яғни, тозаңдану процесін жүргізетін роботты араларды жасауға кірісті. Тарқатып айтқанда, 2019 жылы  жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді тозаңдандыратын робот аралардың тұрқы алақанның аумағындай ғана болмақ. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының жаңа өндірістік технологиялар инженерлік мектебінің директоры Алексей Яковлев мәлім етті. "Келесі жылы жасанды араларды жасауды ұйғарып отырмыз. Бұл - өсімдіктерді тозаңдандыратын ұшқышсыз ұшатын аппараттар үйірі. Біз бұл араларды, оның алгоритмдері мен басқару бағдарламаларын, сондай-ақ, позициядан ауытқымауы үшін бейнені тануға көмектесетін оптикалық жүйе мен тәсілдерді жасаймыз",- деді ол ойын нақтылап. Бұл жобаға агрономдар да, бағдарламашылар да, робот техникасымен шұғылданатын және автоматтандыру жөніндегі мамандар да тартылған. Алғашқы 100 робот араны жасау үшін шамамен 100 млн рубл қаржы қажет. Инвесторлар іздестіріліп жатыр. Алексей Яковлевтың айтуынша, үлкен жылыжайларда тәулік бойы тозаңдату үшін аралар жіберілген. Әдетте қыс мезгілінде ұйқыға кететін осынау қанатты жәндіктер қыс айларында күн шуағын көз алдыңа әкелетін инфрақызыл жарық астында тозаңдатып шығады, ал күн жылынғанда еркіне жіберіледі. Алайда, бұл жылыжайда өнім алатындар үшін көп шығынды қажет етеді. Аралардың бір отбасының құны - 5000 долларға тарта қаражатты қажет етеді. 

0 пікір
Мұрағат