Ресей Ираннан қол үзіп барады
Ресей Ираннан қол үзіп барады
6 жыл бұрын 3139 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын "Ресей Ираннан теріс айналып, Израилге бет бұрды", "Сионистер лоббиі: Ресей-Иран факторы" және "Иран дилеммасы" тақырыптарында талдау матриалдарын жариялаған едік. Онда Ресейдің Ираннан қол үзуіне түрткі болған жайттар баяндалған болатын. Осы тақырыпқа қайта айналып соғуымыздың басты себебі Ресейдің соңғы уақытта Ираннан бірден болмаса да біртіндеп қол үзіп бара жатқаны. Бұған не себеп немесе бұл жолы қандай аргументтерді алға тартпақпыз? Сөз жоқ. РФ  президенті Владимир Путин Сириядағы Иранның мүддесіне қолдау көрсетуді сиретіп келеді. Олай дейтінімз, өткен аптаның орта шенінде, дәлірегі, сәрсенбіде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Израилдің лауазымды ресми тұлғаларымен кездесуінде Иранның барлық күштерінің Сирия аумағынан кеткенін қалайтынын Трамп Путинге жеткізгенде РФ басшысы бұл проблеманы өздігінен шеше алмайтынын айтты. Бұл нені білдіреді? Соңғы уақытта Ресей мен Иранның Сириядағы мүддесі бір-бірінен алшақ кеткенін байқауға болады. Бастапқыда екі ел де өз билігін сақтап қалуы үшін Сирия аумағында ресейлік және ирандық ықпалдың сақталуына мүдделі Башар Асадтың билік басында қалуына барын салған еді. Бұл нәтижеге қол жеткізді. Алайда, Ресейдің Таяу Шығыстан америкалықтарды ығыстырып шығару есебінен аталған аймақтағы негізгі ойыншыға айналуына бұл аздық етеді. Тарқатып айтқанда, Путин тек Иранмен шектеліп қалмай, Саудияның да, Мысырдың да, яғни, сүнниттік мемлекеттердің Ресей қару-жарағын сатып алғанын, Ресейге өздерінің энергетика және стратегиялық маңызды салаларында кеңінен жол ашқанын көздеп отыр. Бұл бағытта Иран пайдасынан гөрі зияны көбірек тиеді. Израилдің Иранға Шам жерінде зымыран базасын құруына барынша тосқауыл жасап келеді. Тіпті, Иран жағынадағы ресейлік әскерилерге тойтарыс беруге дайын. Мұны Путин білмей отырған жоқ. Сөз орайы келгенде айта кететін жайт: Путин  екі тарапата да ара ағайындық жүргізіп болып көрген еді. Алайда, бұл қадамы сәтсіз аяқталған болатын. Өйткені, бұл мәселеде Ресейдің ықпалы жеткіліксіз. Амалсыздан, Шам жеріндегі Израил мен Иран күштерінің ара салмағын сақтауға ғана жетті шамасы. Бұдан бөлек, тек аймақтағы басты ойыншыға айналғысы келетін Саудия ғана емес, Парсы шығанағындағы басқа да монархиялық мемлекеттер Иранға қарсы саясат ұстанады. Ресейдің сүнниттік елдермен жақындасуы үшін Ираннан қол үзуіне бұл да бір себеп болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат