Токсоплазма паразитін жұқтырған адамның сырт келбеті қалай өзгереді (фото)
Токсоплазма паразитін жұқтырған адамның сырт келбеті қалай өзгереді (фото)
2 жыл бұрын 1919 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хауер Боррас-Леон есімді Турку универистетінің ғалымы Toxoplasma gondii (токсоплазма) паразитін жұқтырған адамның сырт келбетін өзгертіп қоймай, сонымен қатар, жұқтырған адамның мінез-құлқына да әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы peerj.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың шамамен жартысына жуығы жұқтырған бұл паразиттің нақты симптомдары білінбейді, алайда, сырт келбетінде едәуір өзгеріс тудыратыны белгілі болып отыр. Токсоплазма паразиті үшін ең қолайлы орта мысықтың организмі. Мысықтан адамға жұғады, алайда, адам организмінен мысыққа жұғу үшін мысық тұқымдастарын іздейді. Дегенмен, табиғатта ғалымдар «инфекцияның көрсеткіші» деп атайтын нәрсе бар - туыстары да, тіпті, жыртқыштар да аулақ болатын сау емес тіршілік иелері белгілерінің жиынтығы. Токсоплазма паразиті бұл белгілерді жасыру үшін иесінің организімін басқаруды үйренді. Аталған паразит жұққан адамның бет-бейнесі мен тұр-тұлғасының симметриялық сипаты жақсарады, дене салмағы азаяды, ер адамдың тестестерон деңгейін көтереді. Яғни, нағыз ер адамға тән сымбат дарытады. Алайда, оны жұқтырған адам қорқыныш-үрей дегенді көп сезіне бермейді. Ал токсоплазма паразиті жұққан тышқан мен егеуқұйрық тышқаннан қорқа бермейді, сол себепті, тышқандардың оңай олжасына айналады. Десе де токсоплазманың тірі организмдерге әсер ету тетгі әлі табылған емес.

Привлекательность

а) аталған паразитті жұқтырған ер адам  мен әйел адам; ә) токсоплазманы жұқтырмаған ер адам мен әйел адам

Ұқсас материадар:

«Ғалымдар адамзаттың жартысының бойында кездесетін паразитті атады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/galymdar-adamzattyn-jartysynyn-boiynda-kezdesetin-parazitti-atady-16814/#gsc.tab=0);

«Мысық қауіпсіз жануарға айналады: ғалымдар Toxoplasma gondii паразитін бұғаттайтын әдісті тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mysyq-qauipsiz-januarga-ainalady-galymdar-toxoplasma-gondii-parazitin-bugattaityn-adisti-tapty-16766/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Токсоплазма паразиті туралы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/toksoplazma-paraziti-turaly-video-13786/#gsc.tab=0);

«Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/parazit-tirshiligin-jalgastyru-ushin-oz-mitohondriyasyn-iesinikindei-etedi-14659/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат