Тістегі бактерия миға қауіп төндіреді – зерттеу
Тістегі бактерия миға қауіп төндіреді – зерттеу
2 жыл бұрын 1838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дәрігерлер тісті таңертеңгісін және кешкісін екі уақыт тазалауға кеңес береді. Бұған бей-жай қарауға болмайтынын алға тартады мамандар. Себебі, тазаланбаған тіс арқылы миға инфекциялық қауіп төнеді. Бұл жайында islam.kz порталы Study finds ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Плимут университетінің ғалымдары ескерткендей және бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тісті тазалауға салғырт қарау өз кезегінде өлімге әкелетін ауруға әкелуі мүмкін - мидың абсцессі. Аталмыш дерт жергілікті инфекциялардың гематогенді немесе контакті арқылы таралуына байланысты пайда болады, олардың бастапқы көзін анықтау өте қиын. Ғалымдар бас миының абсцессімен ауруханаға түскен 87 науқастың медициналық деректерін мұқият сараптаған екен. Пациенттер абсцесс үлгісін алу бойынша және бактериологиялық тұрғыдан қосымша зерттеуден өтті. Зерттеушілер инфекцияның нақты себебін анықтай алмады, десе де 52 науқастың ауыз қуысында ауыз қуысында кездесетін бактериялардың 3 есе көп екені анықталды. Фарингит, бактериемия және мидағы, өкпедегі және бауырдағы инфекциялармен байланысты Streptococcus anginosus бактериясы да табылған. Сондықтан ғалымдар ауыз қуысы ми абсцессінің инфекциясының қайнар көзі болуы мүмкін екенін жоққы шығармайды. Болашақта зерттеушілер ауыз қуысының инфекциялары мен Альцгеймер ауруы сияқты ми аурулары арасындағы байланысты зерттеуді жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат