|
Тіс эмалін қалпына келтіретін пломб материалы жасалды
|
Ресей Федерациясының Белград мемлкеттік әрі ұлттық мәртебемсіне ие зерттеу университетінің ғалымжары тіс эмалін қалпына келтіретін пломб материалын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ білім және ғылым министрлігіне жөн сілтеген ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш жоғарғы оқу орнының фармация, химия және биология институтының ғалымдары сүйек тінінің өсуін ынталандыратын, яғни, құрамы жағынан адам мен жануар сүйегінің тініне мейлінше ұқсас материал әзірлеген екен. Бірегей технология биологиялық тұрғыдан белсенді пломбылық материалдар өндірісінде, сондай-ақ, стоматология мен хирургияның өзге салаларында қолдануға болады. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұд әдіс өз кезегінде зақымдалған тіндер мен эмалдың минералды құрамын қалпына келтіретін және тіндер мен эмал регенерациясын ынталандыратын наноөлшемді биомиметикалық гидроксиапатитті алуға мүмкіндік бермек. Бұл ретте пациенттің қажеттілігіне байланысты материалдың остеоиндуктивтілігін - оның жаңа тіс және сүйек тіндерінің пайда болу қабілетін реттеуге болады. Теріаралық сұйықтықтармен жанасқан кезде организмдегі гидроксиапатиттің еру дәрежесі де өзгереді.
Оқи отырыңыз: