Стоматологиядағы инновация: табиғи тіс өсірудің жолы табылды
Стоматологиядағы инновация: табиғи тіс өсірудің жолы табылды
14 күн бұрын 543 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock / Fotodom

Әлемде немесе тарихта тұңғыш рет адам тісі зертханада өсірілді. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша тарихта алғаш рет тшбірімен түсіп қалған немесе қандай да бір себептерден жоғалған тісті қалпына келтірудің мүлдем тың әрі инновациялық тәсілі пайда болды. Бұл бағыттағы ерекше зерттеуді Лондондағы королдік колледждің білікті мамандары Империялық колледждің ғалымдарымен бірігіп жүргізген. Ғалымдар бұл тарапта тістің қалыптасуына ықпал ететін қажетті ортаны имитациялайтын (қайталайтын) материал ойлап тапқан екен. Аталмыш материал жасушалармен өзара әрекеттесіп, тістің табиғи жолмен өсіп шығуына ықпал етеді. Таяу болашақта айрықша әдіс арқылы тіс тек зертханада емес, тісінен айырылған адамның ауыз қуысында, дәлірегі, пациенттің өз жасушасынан жағында тікелей өсіріледі. Бүгінде кеңінен тараған пломбы салу немесе имплант орнату секілді әдістер көнерген әрі бірнеше кем-кемтігі бар.Соның ішінде адам организіміне кірікпейді немесе бейімделмейді – уақыт өте келе беріктігінен айырылады  немесе қабыну тудырады. Сосын мына инновациялық тәсілдің тағы бір артықшылығы – табиғи жолмен өсірілген тіске организмді жатырқамайтындай етеді, яғни, биологиялық тұрғыдан толыққанды үйлесімді етеді. Бұл зерттеуге табаны күректей ондаған жыл жұмсалған екен. Алдағы уақытта клиникалық сынақтар өткізіледі.

0 пікір
Мұрағат