Тірі организмдерге нанобөлшектердің әсері тұңғыш рет зерттелді
Тірі организмдерге нанобөлшектердің әсері тұңғыш рет зерттелді
4 жыл бұрын 4900 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың халықаралық тобы соңғы жылдары нанотехнологияның медицинадан бастап көптеген салаларда кеңінен қолданыла бастауына орай тарихта тұңғыш рет табиғи және жасанды нанобөлшектердің тірі оргнизмдерге әсерін зерделеп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environmental Science: Nano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Плимут университетінің ғалымдары EU Nanofase жобасы аясында бал арасынан бастап, адамға дейінгі түрлі тірі организмдердің ішектері оларды қоршаған ортадан табылған инженерлік наноматериалдардың (ENM) биоаккумуляциялық әрі улы әсерінен қалай қорғайтынын сараптап көрді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көптеген түрдің ас қорыту жүйесі аса қауіпті бөлшектерден қорғайтын тосқауыл ретінде алға шыққан. Алайда, жауын құрты секілді омыртқасыз тіршілік иелері ENM-нен қорғана алмайды. Бөлшектердің олардың ішкі ағзаларын зақымдайтыны белгілі болды. Адам мен өзге де омыртқалы тіршілік иелеріне нанобөлшектер тағам тізбегі арқылы енетінін жоққа шығаруға болмайды. Ұлыбритания, Нидерланды, Словения және Португалия ғалымдарынан жасақталған топ негізінен 100 нанометрге дейінгі көлемдегі бөлшектерге назар аударған екен. Бұл бағыттағы зерттеу барысында әндіктер мен балықтар, құстар мен сүтқоректілер, амфибия, т.б. тіршілік иелерінің организіміне нанобөлшектердің әсері зерделенді. Осы зерттеуге атсалысқан Плимут жоғарғы оқу орнының экологиялық токсикология профессоры Ричард Хэнди нанобөлшектердің негізінен диеталық (яғни, азық пен қорек арқылы) жолмен қауіп төндіретінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат