«Тірі» лазер айналасындағы заттармен өзара әрекеттесе алады
«Тірі» лазер айналасындағы заттармен өзара әрекеттесе алады
2 жыл бұрын 1470 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лондонның Императорлық колледжі мен Лондон университеті колледжінің ғалымдары өздігінен жиналатын алғашқы лазерлік құрылғыны жасады. Оны шарттар өзгерген кезде, яғни, жағдайға қарай қайта конфигурациялауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Physics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғы биологиялық матерриалдың өзіндік ерекшелігін немесе қасиетін мейлінше дәл имитациалайтын фотонды материал жасауға көмектеседі. Дәлірегі,, өздігінен жиналатын лазер тірі жүйенің ерекшелігін қайталай отырып, датчик, есептеу құралдары, жарық көздері және дисплей үшін жаңа материал жасауға мүмкіндік бермек. Бүгінгі күні көптеген жасанды материалдардың қасиеттері жақсарғанымен, олар жағдайға бейімделе алатын табиғи материалдардың әмбебаптығы мен функционалдығын біріктіруді бастамас бұрын әлі де көп зерттеулерді қажет етеді. Мәселен, адам организіміндегі сүйек пен бұлшық ет күш түскенде немесе дене қимылының белсенділігіне қарай өзінің құрылымы мен құрамын қайта құрылымдап отырады. Осы орайда қазіргі заманғы құрылғылардың көпшілігінде қолданылатын лазерлердің кристалды материалдардан жасалғанын, яғни, олардың тек статикалық қабілетке ғана ие екенін айта кеткен жөн. Бұл жолы ғалымар құрылымы мен функциясын біріктіретін, сонымен қатар, өзін қайта конфигурациялай алатын және басқа материалдармен өзара әрекеттесетін лазерді жасады.

‘Life-like’ lasers can self-organize, adapt their structure, and cooperate

0 пікір
Мұрағат