Тірі бұлшық етті робот саусақ жасалды (фото+видео)
Тірі бұлшық етті робот саусақ жасалды (фото+видео)
6 жыл бұрын 6389 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2012 жылы жапон ғалымдары әлем жұртшылығын адамға барынша ұқсас роботымен таңқалдырып еді Токио қаласының университетінің инженерлері құрастырған машинаның басы жоқ болғанымен оның корпусы адамның қаңқасы мен  бұлшық еті құрылымын мейлінше дәл қайталаған еді. Бұл жолы робот техниканың мүмкіндігін кеңейтіп, тірі бұлшық етпен жабдықталған құрылғыны ұсынып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, тірі және тірі емес материалдарды ұштастырып жасалған машина биогибридті деп аталмақ. Кейде оны киборог (кибернетикалық организм) деп те атайды. Осы бағыттағы алғашқы қадам ретінде өзінің биологиялық прототипін - адам саусағының қимыл-қозғалысын дәл қайталайтын механикалық саусақ пайда болды. Оның негізінде тышқаннның жасушасынан алынған бұлшық ет талшығынан өсірілген роботталған жүйе жатыр. Құрылғы авторларының айтуынша, бұл роботтың механикалық құрылымы қарапайым: бұлшық ет бекітілетін шарнир, анкерлер және бұлшық етті кемітетін электродтар. Ең басты қиындық құрылғыға тірі жасушаны кіріктіруде жатыр. Ол үшін мамандар құрамында миобласт жасушасы бар гидрогелден жасалған пластинаны пайдаланған. Бұл пластинаны құрылғының қаңқасына бекіткен. Жасушалар миоцитте жетіліп, яғни, талшық тиісті пішінге ие болған және шарнирмен және электродпен әрекеттескен. Бұл арада өсірілген талшық адамның жұп бұлшық етінің - агонист және антагонист - қиымылын дәл салған. Бұлшық еттердің бірі кемігенде екіншісі бәсеңдейді немесе керісінше. Нәтижесінде дененің қандай да бір бөлігін екі бағытта қимылға келтіре алатын болады. Айтып өткеніміздей, бұлшық етті кеміту үшін ғалымдар электродтарды пайдаланған - оларды саусақ ұшына тиісті бұлшық ет талшығын жұбымен орналастырған. Аталмыш жоба авторларының бірі Сёдзи Такэутидің (Shoji Takeuchi) айтуынша, өсірілген бұлшық етті емес, қалыптасқанын пайдаланғанда мұндай эффектіге қол жеткізу қиын болмақ. Ол әріптестерімен бірге робот саусақты тірі бұлшық етпен сынап көрген. Құрылғы жүзікті ұстап, тиісті орынға жеткізген. Тәжірибе көрсеткендей, бұлшық ет токпен жақсы белсендіріледі, ал робот саусақтың "буыны" 90°-ға дейін бүгіле алады. Жоба жетекшісі Юя Моримото (Yuya Morimoto) ендігі жерде ғалымдар алдында тұрған міндетті айқындап берді: тағы бұлшық еттерді бір құрылғыға біріктіру. Бұл өз кезегінде күрделі қимылдарды орындауына мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, инженерлер тірі жасушаны пайдаланудан туындайтын бірқатар шектеулерді еңсеруі тиіс: құрылғы тек суда ғана жұмыс істей алады, өйткені, бұлшық ет үйкелген сайын тез тозады. Әзірге жасанды мускулдің пайдалану мерзімі бір аптадан аспайды. Бұл еңбек Science Robotics мерзімді басылымында егжей-тегжейлі баяндалған. 

 

0 пікір
Мұрағат