|
«Телепатиялық» радио ойлап табылды
|
Радиобайланыстың жаңа технологиясы белсенді сәулеленуді қажет етпейді. Міне, осындай артықшылығына байланысты оны ұстау немесе аулау мүмкін емес. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Radars мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери радиостансалар электрлі-магнитті толқын көмегімен стратегиялық маңызы зор хабарламаларды беруде маңызды рөл атқарды. Дегенмен, мұнлай толқындарды жаудың табу қатері жоғары болған еді. Енді мұндай қауіпті байланысққа жол берілмейді. Қытай ғалымдары радионың үнсіздік режимін сақтай отырып, майдан даласында жылдамдығы жоғары байланысты орнатуға мүмкіндік беретін жетістікке қол жеткізді. Бірегей технологияның кереметтігі сонда – сарапшылар мұндай байланысты «телепатиялық» радио атап кетті. Бар құпиясы – бағдарламанатын жүздеген метаматериалды элементтерден тұратын «ақылды беткі жағында». Қытайдың Gaofen-3 немесе Ludi Tance 1 сияқты синтезделген апертурасы (SAR) бар радиолокациялық спутниктермен сәулелену кезінде бұл элементтер хабарларды радиолокациялық жаңғырық сигналдарға тікелей кодтау үшін «қосылған» (0° фаза) және «өшірілген» (180° фаза) жағдайлары арасында ауыса отырып, спутниктер қабылдайтын шағылысқан сигналдарды үнсіз манипуляциялайды. Ақпаратты осындай тәсілмен берудің жылдамдығы секундына 127 кбит-ке жетуі мүмкін. Бұл деңгей Солтүстік Атлант саяси әрі әскери одағының (НАТО) Link 16 деректерді берудің тактикалық желісінің өткізу қабілетіне сәйкес келеді. Бұл ретте хабарламаның қүпиялылығына, яғни, анықтау мүмкін еместігіне кепілдік берілген, өйткені, қоршаған ортаға ешқандай қосымша энергия сәулесі бөлінбейді. "Бұл байланыс жүйесі электромагниттік толқындардың қарқынды берілуіне жол бермейді, яғни, қабылданып жатқан SAR-жаңғырық-сигналдарды тарату және модуляциялау есебінен жұмыс істейді. Бұл технология сигналдың табылу қаупін едәуір төмендете отырып, байланыстың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп айтылған мақалада. Бұдан басқа, деректердi берудiң жоғары жылдамдығына қол жеткiзу кезiнде хаабарламалардың жоғалу көрсеткішін 10% -дан асырмайтын радиолокациялық кескіннің нақтылығын сақтау үшiн фазалық бұрмалауға апарып соқтыратын теңіздегі дауылда кеменiң тербелiсiн еңсеруі қажет. Бұл тарапта бірнеше инновация әзірленді. Мысалы, қалалық кедергілер әлсіз сигналдарды тежейтін жерде бейімделген алгоритмдер фазалық модуляцияның тереңдігін динамикалық түрде өзгерте отырып, сигналдың шуға қатынасын 300%-ға арттыра алады. Теңізде инерциялық датчиктер және автоматты фокусты бағдарламалық қамтамасыз ету нақты уақыт аралығында толқындардан орын алған қателіктерді түзете отырып, кеменің тербелісіне тойтарыс бере алады. Теңiздің жай-күйiне қарай әзірленген Gaofen-3 екi метрден жоғары толқындар тұрған кезде 4 сынақ барысында қателердi түзету хаттамаларымен радиолокациялық кескінді 0,77%-ден артық нашарлатпады және бейнелердi беру кезiнде 9,7% биттер бойынша қателердiң өте төмен коэффициентiн қамтамасыз еттi.