Тек күн энергиясымен ғана жұмыс істейтін автокөлік жасалды (видео)
Тек күн энергиясымен ғана жұмыс істейтін  автокөлік жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1950 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай көшесінде тек күн энергиясымен ғана жұмыс істейтін беспилотник автокөлік жүрді. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай инженерлері Tianjin автокөлігін құрастырды. Дәлірегі, жаңғыртпалы энергия көзін ғана пайдаланатын жаңа автокөлікті құрастыруға 42 компания мен үш университет мамандары атсалысқан. Дүниежүзілік барлау конференциясында алғаш рет таныстырылған көлік күн панельдерін пайдаланады және қазірдің өзінде Қытайда жол жүруде. Әзірлеушілер жаңа модельде 4-деңгейдегі автономды жүргізу жүйесі қолданылғанын хабарлайды. Автокөлікті зарядтау үшін автокөлік 8,1 м2 күн батареяларын пайдаланады. Шуақты ашық күндері мұндай жүйе 7,6 кВт/сағ шығыс қуатын қамтамасыз ете алады. Автокөлік, сонымен қатар, энергияны сақтау тығыздығы 330 Вт/кг болатын аккумулятормен жабдықталған. Видеода көрсетілген көліктің ұзындығы шамамен 4 метр, ені - 1,7 метр, биіктігі - 1,8 метр, салмағы бір тоннадан сәл ғана асады. Көліктің салоны төрт адам сыятындай үлкен. Алда сенсорлық дисплей және оның астындағы үш түйме арқылы жүруді басқаратын жүргізуші орындығы. Көлікте рул жоқ, өйткені, көлік 4-деңгейдегі автономды басқару жүйесімен жабдықталған. Автокөлік сағатына 79,2 шақырымды артқа тастай алады. Яғни, бұл оның максималды жылдамдығы.

0 пікір
Мұрағат