Team Group компаниясының SSD құрылғысы ақпараттың құпиялығын сақтау үшін өзін-өзі жоятын қабілетке ие
Team Group компаниясының SSD құрылғысы ақпараттың құпиялығын сақтау үшін өзін-өзі жоятын қабілетке ие
4 ай бұрын 475 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Team Group компаниясы бөгде адамға ішінде сақталған ақпарат аян болмауы үшін, яғни, өзгелер ақпаратты оқымауы үшін өз-өзін жоя алатын P20Q-M80 қызметі бар SSD құрылғысын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей құрылғы деректерді жоюдың қос режимді жүйесімен жабдықталған. Ақпаратты жою функциясын іске қосу үшін түймесін бассаңыз, жетіп жатыр. Қалауыңызға қарай аз уақытқа немесе ұзағырақ басасыз. Бірінші жағдайда ақпаратты жинақтайтын құрылғыдағы мәліметтерді одан ары пайдалануды қажет деп тапсаңыз, ақпаратты өзгелер оқи алмайтындай өшіру бағдарламасы іске қосылады. Процесс қуат көзі ажыратылған кезде өшірілген деректерді жаңғыртатын зияткерлік жүйемен қамтамасыз етеді - бұл ретте ол процесс аяқталғаннан кейін деректерге қол жеткізу мүмкіндігін жоятынына кепілдік береді. Ал ұзағырақ бассаңыз, құрылғының деректерді жою режимі іске қосылады. NAND флэш-жадының микросхемаларына тікелей жіберілетін жоғары вольтты импульс ақпаратты қалпына келмейтіндей етіп біржола жояды. Процесс барысын арнайы жарықдиодты индикаторлар көрсетеді.

Өзін-өзі жоюдың стандарттан тыс функциясынан басқа P20Q-M80 басқа да лайықты сипаттамаларға ие. Атап айтқанда:

• жүйелі оқу жылдамдығы – секундына 7000 МБ;

• жазу жылдамдығы – секундына 5500 МБ;

• 256 ГБ жинақтауыш сыйымдылығы - 2ТБ

P20Q-M80 PCle Gen4 x 4 интерфейсі, NVMe 1,4 3D протоколы және TLC NAND-жады пайдаланылады. Бірегей құрылғы температураның өзгеруіне төзімді, соққыға төзімділігі мен дірілге төзімділігі жоғары. P20Q-M80 Computex 2025 көрмесінде «киберқауіпсіздік» санатында беделді «Үздік таңдау» сыйлығына ие болды.

 

0 пікір
Мұрағат