Тарихта тұңғыш рет адамға қол жалғанды
Тарихта тұңғыш рет адамға қол жалғанды
4 жыл бұрын 6527 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Исландиялық электрик қызмет бабымен жүріп, жазатайым оқиғадан жарақат алып, екі қолынан айырылып қалған еді. Бұл жайында islam.kz порталы rfi.fr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кемтар жанға ота Францияның Лион қаласында жасалған. Эдуар Эррио атындағы емханада өткен өзгеше отаға 15 сағат кеткен. Бұл отаға 50-ге тарта хирург атсалысқан, екі топқа бөлініп. Осылайша тарихта тұңғыш рет 48 жастағы Феликс Гретарссон есімді азаматқа екі иықпен қатар қол да жалғанды. Негізінде қол жалғау отасы бұрын да болған. Алайда, иықпен қатар қолдың бірге жалғануы бірінші рет болып тұр. 1998 жылдың қаңтар айының 2-сі күні Феликс Гретарссон жоғары волтті электр желісінде жұмыс істеген болатын: 11 мың волтті ток соғып, екі қолынан айырылды. Үш айдай уақыт ес-түссіз төсекке таңылып, комада жатты. Бұдан бөлек, оған бауыр қондыру отасы да жасалды. 2013 жылдан бері Лион қаласында тұрып келе жатқан исландиялық азаматтың қазіргі уақытта жағдайы бір қалыпты. Қолын қозғалта алады. Осы орайда айта кету керек, аталған емханада 1998 жылы тарихта тұңғыш рет білек (дәлірегі, білезік тұсы) трансплантациялау отасы жасалған еді. Бұл ота да сәтті шыққан болатын.

0 пікір
Мұрағат