Тараздық өнертапқыш ауруға қарсы аяқ киім ойлап тапты
Тараздық өнертапқыш ауруға қарсы аяқ киім ойлап тапты
10 жыл бұрын 4404

Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы Бекжан Абзалбеков аурудың асқынуынан туындайтын "табан синдромының" әлегінен құтқаратын аяқ киім ойлап тапты. 28 жастағы жас ғалым ашқан жаңалық көпшіліктің қызығушылығын оятып отыр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі «7 телеарнаға» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Ғалым қонышы қысқа, табаны қалың аяқ-киімдерді ойлап тапты. Ерекшелігі сол - ұлтарағы күміс иондар мен арнайы қоспалары бар силиконнан жасалған.

Өйткені, силикон салу арқылы сусамыр синдромы асқынған табандарға жұмсақтық беріп, жылдам жазылуына әсер етеді екен.

"Қант диабетіне шалдыққан науқастардың аяқ киімдерін ыңғайлы ету үшін конструкцияға шұлығы толық ашылатын етіп аяқ киім ойлап таптым. Киген кезде оңай киіліп, шешіледі. Жүру барысында науқастың табанының ерекшелігіне байланысты ұлғайтуға және тарылтуға болады. Аяқ киім өте натуралды, гигиеналық қасиеттері жоғары материалдардан жасалған. Осындай аяқ киімді жасап қолданысқа енгізетін болсақ науқастардың еңбекке жарамдылығын ұзартып, табан ауруларының алдын алуға көмектесеміз", - дейді өнертапқыш Бекжан Абзалбеков.

Өнертапқыштың ендігі мақсаты осы жобаны жүзеге асыру. Өйткені, ғалымдардың жаңалығын насихаттаудың өзі оңай шаруа емес. Әрі пайдасын екі есеге арттыру үшін жабдықтардың жоқтығы қол байлау болып тұрғанға ұқсайды.

0 пікір
Мұрағат