Тәжді тажалдың өлімге апарып соқтыратын қаупі неде екені айтылды
|
![Тәжді тажалдың өлімге апарып соқтыратын қаупі неде екені айтылды](https://static.islam.kz/uploads/images/bR7/lVl/8GTM4BdusOgVCtEn-lg.png)
Мюнхен жоғарғы оқу орнының және Ульмадағы университет емханасының ғалымдары тәжді тажал вирусының кісі өліміне дейін апарып соқтыратын қаупін тудыратын тетікті анықтады. Бұл жайында Science ақпарат көзі мәлім етті. Ғалымдар анықтағандай, патогендік тетікте вирустың Nsp1 ақуызы басты рөл ойнайды. Ол вирусқа жасушаға жармасып, көбеюіне көмектеседі. Бұл өз кезегінде вирус жұққан жасушадағы ақуыздардың синтезін басып тастайды. Нәтижесінде организмнің инфекциядан ең негізгі қорғаушы жүйелерінің бірі толық істен шығады. Туабітті иммунитет жұмыс істеуден қалады, бұл өз кезегінде адам өліміне апарып соқтыруы мүмкін. Ғалымдардың топшылауынша, тәжді тажал вирусын залалсыздандырудың бір жолы - Nsp1 ақуызын рибосомалды (барлық тірі жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезіне қызмет ететін мембранды емес органелла) бөлігімен байланысын бұғаттайтын дәрі жасау.
![Түркиядағы жалғызбасты адамдар қарасы 5 млн-нан асты](https://static.islam.kz/uploads/images/uS1/vFk/7BZSuRf5SIJusn8D-sq.jpeg)
![Әкесі қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен дүниеге келген балаларға асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы тағайындалады](https://static.islam.kz/uploads/images/dZN/wjb/4uPTVnXIc4CYeYAb-sq.jpg)
![Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді](https://static.islam.kz/uploads/images/FTC/Pc3/Mu6kr3CEP4iUSCxJ-sq.jpeg)
![Бір саусақ санына жететін жылда криптовалютаны пайдаланушылар қарасы 1 млрд адамға жетеді](https://static.islam.kz/uploads/images/8H6/y7f/DemTXybZSinW2gn2-sq.png)
![Орта Азия елінде түрмеде кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқартатын заң қабылданды](https://static.islam.kz/uploads/images/IQr/YoY/ssSoQMoTiADyCjfz-sq.jpg)