Тәжді тажал емі жоқ дерлік қатерлі дертке жол ашады
Тәжді тажал емі жоқ дерлік қатерлі дертке жол ашады
5 жыл бұрын 2501 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжді тажалдың уақыт озған сайын қитұрқы сұмдықтары ашылып жатыр. Бір басын шапсаң, оның орнына екі бас өсіп шығатын ертегідегі айдаһар секілді. Жұқпалы індетке шалдыққан адамның ауру үстіне ауру жамап алатыны белгілі болды. Дәлірегі, науқастың бойында сусамырдың пайда болу қатері артады. Әлемге әйгілі Мельбурн университетінің, Лондон королдік колледжінің және өзге де медициналық мекемелердің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында орыстардың «Жаңалықтар» ақпараттар агенттігі мәлім етті. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар науқастарды қадағалай келе бұрыннан сусамырдан зардап шегетіндердің дерті асқынғанына көз жеткізген. Бұдан бөлек, келтірілген дерек бойынша  тәжді тажал кеселінен көз жұмғандардың 30 пайызына дейінгісі сусамырдан зардап шеккен. Жұқпалы індетке шалдықпай тұрып сусамырмен ауырмаған пациенттердің кейбіреулері эндокриндік өзгерісті бастан кешірген. Жасушаға тәжді тажал вирусының енуіне көмектесетін ACE-2 протеинінің глюкоза метаболизміне жауапты органды зақымдайтыны белгілі болды. Ғалымдар науқастың тәжді тажал кеселінен жазылғанда оның глюкоза метаболизімінің қайта жұмыс істейтініне немесе істемейтініне көз жеткізе алмай отыр.

0 пікір
Мұрағат