Сутегі өндірісінің ерекше тәсілі пайда болды
Сутегі өндірісінің ерекше тәсілі пайда болды
3 жыл бұрын 1793 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа технология аталған отын түрін әдеттегіден гөрі әлдеқайда тез синтездейді.

Технионаның химия факультетінің ғалымдары судан газ тәрізді сутегін алудың арзан әрі тиімді тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Jerusalem Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңыртпалы энергия көзіне жататын сутегі әдетте су электролизінің көмегімен синтезделеді. Галией Мааян есімді профессор мен Гуйлин Руан есімді докторант бастаған аталмыш жоғарғы оқу орны ғалымдары электролиздің ең жылдам әдісін тапты – бұл тәсілде мыс катализатор ретінде пайдаланылады. Электролиздің аталмыш жүйесі бір текті: катализатор суда ериді, ал оның барлық компоненті бір ғана ортада болмақ. Бұл жүйеде мыс иондары, сондай-ақ, металл молекулаларын тұрақтандыратын, мыс пен бораты байланыстыратын пепти тәрізді олигомер пайдаланылады. Мұндай жүйенің пайда болуына металды тұрақтандыру үшін ақуыздың пептидтік тізбегін қолданатын ферменттер, сондай –ақ, фотосинтез сияқты табиғи энергетикалық процестер әсер етті.

Сутегін өндіретін өзгеше әдіс сынақтан сәтті өтті 

Жапон ғалымдары фотокаталиткалық затты пайдалана отырып, ауқымды деңгейде судан жоғары сапалы сутегін молынан әрі қауіпсіз жолмен алудың жолын тапты. Токио университетінің және Синсиу жоғарғы оқу орнының мамандары фотокаталитикалық зат жалатылған, жалпы аумағы 10 шаршы метрді алып жатқан күн панелдерінің реакторларын ашық аспан астында пайдалана отырып, судан сутегін алуға талпыныс жасады. Күншығыс елінің ғалымдарының бұл бағыттағы ізденісі өз нәтижесін беріп, жиілігі 94%-ға жететін өндірілген сутегін қауіпсіз жолмен 70%-дан аса жаңғырта алған. 

0 пікір
Мұрағат