Сусамырға қатысты екі жаңалық
Сусамырға қатысты екі жаңалық
2 жыл бұрын 1316 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Сусамырды симптомы пайда болмай тұрып анықтаудың жолы табылды

Ем қонуы қиын аурулардың бірінен саналатын 2-ші типті сусамыр жылдар бойы дамиды, егер оны ерте бас анықтаса, аталған аурудың алдын алуға болады. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде жарық көретін «Клиникалық эндокринология және метаболизм журналы» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы таяудағы зерттеу қант диабетіне шалдығу қатері төнген, алайда, аурудың белгілері әлі байқалмаған науқастарды анықтау үшін арнайы қан биомаркерін қолдануға болатынын көрсетіп берді. Бүгінгі таңда медициналық тексеруден өткізетін дәрігерлер пациенттің қан құрамындағы қант деңгейін жиі өлшейді. Қандағы қант деңгейі жоғарылағанмен оның деңейі 2-ші типті сусамырдың ресми шегінен төмен болса, ондай адамға «сусамырға шалдығу қатері төніп тұр» деп диагноз қойылуы мүмкін. Дегенмен, сусамырға шалдығу қатері төнгендердің барлығында бірдей 2 типті қант диабеті дамымайды. Шындығында, сусамырға шалдығу қатері төнген адамдардың шамамен 50% -да бақылаудан кейін 10 жыл ішінде қант диабеті дамыған. Сонымен, қандағы глюкоза деңгейін бақылаудан басқа дәрігерлер 2 типті қант диабетінің клиникалық көріністеріне жақын науқастарды қалай анықтай алады? Сусамырдың негізгі патологиялық сипаттарының біріне ұйқы безінің бета-жасушалары секрециясының (қызметінің) бұзылуы жатады. Сусамыр дертіне шалдыққан науастардың ауруы асқынған сайын бета-жасушалары зақымдала береді, бұл аралықта аурудың белгілері де нақты айындала түседі, осы уақыт аралығында науқастар осынау маңызды жасушалардың жартысына жуығынан айырылып қалады. «Науқастың сусамырға шалдығу қатері төнген кезеңнен қант диабетіне ауысқанын анықтау қиын, өйткені, бауырдың астында орналасқан ағзаның өзегінде, ұйқы безінде өте аз мөлшерде шашыраған ауру жасушалардың жай-күйін инвазивті емес зерттеулер арқылы анықтау мүмкін емес. Сондықтан біз балама стратегияны таңдадық: қант диабетіне дейінгі кезеңде қандай да бір белгілер пайда болғанға дейін олардың өзгеруін жанама түрде анықтау үшін қандағы деңгейі осы бета жасушаларының функционалдық массасына байланысты болатын молекуланы табу»,- деп түсіндірді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Пьер Махлер есімді ғалым. Осылайша, қандағы глюкоза деңгейіне қарап қана қоймай, ғалымдар ұйқы безінің бета жасушаларының нашарлауын көрсететін биомаркерді іздеуге кірісті. Қант диабетінің әртүрлі тәжірибедегі кеміргіштердің үлгілеріндегі мыңдаған әртүрлі молекулалық биомаркерлерді сканерлей отырып, зерттеушілер 1,5-ангидроглюкитол деп аталатын нақты қантқа тоқталды. Ғалымдар биомаркер шынымен адамдардағы қант диабетімен байланысты екенін анықтады. Бірнеше түрлі талдауларда зерттеу 1,5-ангидроглюцитолдың төмен деңгейі ұйқы безінің бета жасушаларының жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл тараптағы зерттеу барысында алғаш рет қант диабетімен ауырмайтындармен салыстырғанда қандағы 1,5-ангидроглюцитолдың төмен деңгейін көрсетті. Ең қызығы, ғалымдар ұйқы безінің бөліктерін алып тастау үшін операция жасалған науқастардағы қан деңгейінің өзгеруін зерттеу арқылы 1,5-ангидроглюцитол мен бета жасушалары арасындағы байланысты растады.

Сусамыр өзге де қауіпті аурудың пайда болу қатерін арттырады

Ғалымдар бақылауға келмейтін сусамырдың жүрек ақауы дертін үш жылға тездетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада алдымен назар аударуға тиісті симптомдарын білудің маңызы зор. Бақылауға көнбейтін сусамыр ең алдымен қан құрамындағы қант деңгейінің тым жоғыра болуымен ерекшеленеді. Дәрігерлер диабеттің өзге аурулармен салыстырғанда жүрек ақауымен арасында тығыз байланыс барын әрі бұл симптомның кеңінен тарағанын алға тартып отыр. Сусамыр өзге де аурулардың өршуіне жол ашады. Бақылауға көнбейтін сусамырдың мынадай белгілері бар немесе қандай аурулардың өршуіне алып келеді:

-        Қатты шаршау;

-        Жиі зәр сындыру;

-        Тері түсінің әдеттегіден өзгеруі;

-        Көздің тұмандануы;

-        Қаталап шөлдеу;

-        Жарақаттың жай жазылуы;

-        Құлақта мүкістің пайда болу

0 пікір
Мұрағат