Сусамыр дертінің адам ғұмырын қанша уақытқа қысқартатыны анықталды. Сусамыр дертінің дамуын тежейтін дәрумен анықталды
Сусамыр дертінің адам ғұмырын қанша уақытқа қысқартатыны анықталды. Сусамыр дертінің дамуын тежейтін дәрумен анықталды
2 жыл бұрын 1829 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың тұжырымынша, 1 типті қант диабетімен ауыратындар орташа есеппен 8 жылға, ал 2 типті сусамыр дертінен зардап шегетін науқастар 2 жылға аз өмір сүреді. Бұл бағытта ғалымдар аталған дертке шалдыққандар мен бұл аурудан аман адамдардың ғұмыр мерзімін моделдеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы Medicall Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Манчестер университетінің зерттеушілері әр жас пен жыныс үшін қант диабетінен өлім-жітім мен популяцияның салыстырмалы көрсеткіштерін қолданды, содан кейін 1 типті қант диабеті, 2 типті қант диабеті және қант диабеті емес популяциялар үшін болашақ өмір сүру ұзақтығын есептеді. Зерттеушілер 41,3 миллион науқасты емдеген 6165 жалпы тәжірибелік дәрігердің деректерін пайдаланды. Медициналық мәліметі сарапталған бұл науқастардың 21,7 мыңы 1 типті қант диабетінен, 2,5 миллионы 2 типті қант диабетінен зардап шегеді. Белгілі болғандай, 1 типті қант диабетімен ауыратын адам орта есеппен 7,6 жылға дейін, ал 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдар орта есеппен 1,7 жылға кем өмір сүреді. Ғалымдардың әлемдік деңгейдегі жалпы өлім-жітім деректерінназар аудармағынын айта кету керек. Бұдан басқа, темекі шегу, белсенді ене қимылын қажет етпейтін өмір салты, артық салмақ және гипертония сияқты өлімге ықпал етуі мүмкін басқа факторлар да ескерілген жоқ. Ғалымдар, сонымен қатар, тұқым қуалаушылық пен семіздік індетінің қант диабетінің дамуының екі негізгі факторы екеніне назар аударады, айтпақшы, әлемде 400 миллионнан астам адам артық салмақтан зардап шегеді. Ұлыбритания ғалымдарының жаңа зерттеуі семіздік аурудың дамуының маңызды көрсеткіші екенін растады.

Сусамыр дертінің дамуын тежейтін дәрумен анықталды

Лавал университетінің (Канада) ғалымдары D дәруменінің 2 типті қант диабетінің дамуын бәсеңдететінін және аурудың алдын алуда да тиімді екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Medicalxpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы ғылыми тәжірибеге қатысқандар алты ай бойына нормадан бес-он есе көп мөлшерде D дәруменін тұтынған. Нәтижесінде зерттеушілер қант диабетіне бейім адамдарда, сондай-ақ, аталған ауруға шалдыққанына көп уақыт өте қоймаған адамдардың халі анағұрлым жақсарғанын байқаған. Алайда, сусамырдан ұзақ уақыт бойы зардап шегіп келген науқастар арасында ешқандай өзгерістер байқалмаған. Ғалымдардың топшылауынша, аталған дерттен ұзақ уақыт зардап шеккен науқастардың метаболикалық функцияның, яғни, зат алмасу қызметінің жақсарғанын байқау қиындық тудырады. Десе де аталған дәруменді шектен тыс тұтынудың денсаулыққа кері әсері болатынын айта кету керек, атап айтқанда, бүйрек қызметін бұзады.

Ұқсас материалдар:

«Сусамыр дертіне шалдықтыратын тағы бір себеп белгілі болды: кeйбір химиялық заттар инсулин бөлу қызметін бұзады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyr-dertine-shaldyqtyratyn-tagy-bir-sebep-belgili-boldy-keibir-himiyalyq-zattar-insulin-bolu-qyzmetin-buzady-17030/#gsc.tab=0);

«Сусамырдың ерекше белгісі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdyn-erekshe-belgisi-aityldy-16376/#gsc.tab=0);

«Ауыздағы дәм арқылы анықталатын сусамыр белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzdagy-dam-arqyly-anyqtalatyn-susamyr-belgisi-ataldy-16377/#gsc.tab=0);

«Бүгін - дүниежүзілік сусамырмен күрес күні: Сусамыр қатерінің тағы бір факторы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bugin-duniejuzilik-susamyrmen-kures-kuni-susamyr-qaterinin-tagy-bir-faktory-anyqtaldy-16033/#gsc.tab=0);

«Екінші типті сусамырдан алғаш рет құлан таза айықтырды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdan-algash-ret-qulan-taza-aiyqtyrdy-15979/#gsc.tab=0);

«Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdy-darisiz-emdeu-tasili-tabyldy-15869/#gsc.tab=0);

«Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qazaqstan-susamyr-derti-boiynsha-orta-aziyada-birinshi-orynga-shyqqan-1771/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darigerlerdin-susamyr-dertine-qatysty-diagnoz-qoyudagy-en-basty-qateligi-anyqtaldy-9245/#gsc.tab=0);

«Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/galymdar-susamyr-dertin-anyqtaityn-mikrochip-oilap-tapty-426/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат