Супербактерияның антибиотиктен қорғану қабілетін жоюдың жолы табылды
Супербактерияның антибиотиктен қорғану қабілетін жоюдың жолы табылды
34 минут бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ем-домға көнбейтін, жыл сайын миллиондаған жаннның өмірін қиятын микроорганизмдердің пайда болуы жаһандық денсаулық сақтау саласына төнген басты қауіптердің бірінен саналады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көзге көрінбейтін құбыжықтармен тиімді күресу үшін ғалымдар алдымен супербактериялардың дәрі-дәрмекке бой бермейтін тетітігн табу керек болды. Делавер университетінің ғалымдары бұл тарапта метициллин-резистентті алтын түстес стафилококкты қоса алғанда, инфекциялардың көптеген қауіпті қоздырғыштарында кездесетін GdpP бактериялық ферментіне назар аударды. Криоэлектрондық микроскопия әдісінің көмегімен зерттеушілер осы ақуыздың үш түрлі құрылымдық жағдайын динамикада тіркей алды. Қорғау жүйесінде c-di-AMP сигналдық молекуласы маңызды рөл атқарады, ол химиялық хабаршы рөлін атқарады және жасушаны дәрінің әсері кезінде метаболизмді (зат алмасу процесін) шұғыл түрде қайта құруға мәжбүрлейді. Қалыпты жағдайда GdpP ферменті осы қосылыстың деңгейін реттейді, алайда, пішін өзгерген кезде ол қорғаныс механизмін толығымен бұғаттап немесе іске қосуы мүмкін. Зерттеу авторлары аталған ферменттің жасанды жолмен өшірілуі бактерияның ішінде тұрақты паникалық реакцияға және артық сигналдың жиналуына әкелетінін анықтады, ал мұндай ахуал микрорганизмнің ішкі қызметінің ырғағын бұзып, ақаудың пайда болуына жол ашатыны белгілі болды. Нәтижесінде патоген агрессивті ортаға бейімделу қабілетін жоғалтады, ол ол ма, қауіпті микрорганизмдерді қолданыстағы классикалық дәрі-дәрмектің көмегімен жоюға мүмкіндік береді. Антибиотиктердің түбегейлі жаңа сыныптарын жасаудың орнына ғалымдар осы молекулалық тумблерді бұғаттауға бағытталған ілеспе дәрі-дәрмектерді әзірлеуді ұсынады. Мұндай дәлме-дәл тәсіл осы күнге дейін медицинаның жинақталған арсеналына тиімділікті қайтара отырып, бактерияларды қалқаннан айыруға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат