Жасанды санаға ие бионикалық қол жасалды (видео)
Жасанды санаға ие бионикалық қол жасалды (видео)
38 минут бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Замануи роботталған қол тәрізді құрылғылар кері байланысты қамтамасыз ететін сенсормен жабдықталмаған. Ал жасанды зерде осы олқылықтың орнын толтырады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Юта университетінің инженерлері протезбен айналысатын TASKA Prosthetics компаниясымен бірге жасанды зерде элементтері кіріктірілген бионикалық қол әзірледі. Протез қысым және жақындау датчиктерімен жабдықталған және қармаудың табиғи қозғалысына үйретілген нейрожелімен басқарылады. Осының арқасында пайдаланушылар ұсақ заттарды көтере алады, тостағанды ұстай алады немесе түймелерді неғұрлым дәлдікпен және ақыл-ой күшімен басқара алады. "Жасанды зерде элементтерін қоса отырып, біз ұстау аспектісін протездің өзіне аудара алдық. Нәтижесінде біз неғұрлым интуитивті және дәл басқару функциясын қостық", - деді Юта университетінің нейроботика зертханасынан Жейкоб А. Жорж

Қазіргі заманғы роботталған қолдарда нәзік сенсорлық кері байланыс жоқ. Пайдаланушы затты ұстау үшін әрбір саусақты саналы түрде бақылауға тура келеді. Бұл машақаты көп тірлік болғандықтан пайдаланушыны шаршатады. Тұтқаны алу, түймешікті басу немесе қолды қысу сияқты күнделікті іс-әрекеттер ми автоматты түрде орындайтын саусақтардың жедел әрекетіне тәуелді. Протезі бар адамдар осы табиғи ептілігін жоғалтады, әрбір қозғалысқа бар назарын шоғырландыруға мәжбүр.

“Зейінді” қол қалай жұмыс істейді

Әрбір саусақ қысым және жақындау датчиктерімен жабдықталған, олар елеусіз көзге көрінетін жанасуды, мысалы, жеңіл мақтаны тіркеуге (сезінуге) қабілетті. Жасанды зерде деректерді өңдейді және әр затты дұрыс ұстау үшін саусақтардың қозғалысын түзетеді. Саусақтар заттың пішіні мен салмағына бейімделе отырып жұмыс істейді.

Команда машина мен пайдаланушы арасындағы тепе-теңдікке ерекше назар аударды. Қол адамның “ниетін” қадағалайды, ал АІ қозғалысты оңтайландырады. Мұндай тәсіл ақыл-ойға түсетін ауырлықты азайтады және протезді басқаруды автоматтандырады.

Команданың келесі қадамы - қолды ойлау күшімен басқару және сезінуді қалпына келтіру үшін нейрондық интерфейстерді енгізу. Болашақта бұл ампутациясы бар, яғни, қандай да бір себептермен (жазатайым оқиғадан, аурудан, т.б.) қолынан айырылған адамдарға протездерді табиғи қолдың әлеуетінен кем түспейтіндей қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеушілер мұндай технологиялар биониканың жаңа дәуірін ашады, деп санайды.

 

0 пікір
Мұрағат