Суды қауіпті антибиотиктен тазартатын тың тәсіл табылды
Суды қауіпті антибиотиктен тазартатын тың тәсіл табылды
3 жыл бұрын 1301 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Pisauikan / Unsplash

Ресейлік ғалымдар мал шаруашылығы арқылы қоршаған ортаға тап болып, адамдар мен өзге де тіршілік иелеріне қауіп төндіретін тетрациклиндік антибиотиктен ағын суды тазартатуға мүмкіндік беретін тың тәсіл ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің сайтында (spbu.ru) жарияланған баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антибиотик бүгінде түлі инфекциялық ауруларға қарсы жиі қолданылады. Мал шаруашылығында профилактикалық шаралар үшін пайдаланылады. Антибиотик өз кезегінде дәрілік заттарға бой бермейтін, яғни, төзімді микроорганизмдердің пайда болуына ықпал етеді. Сол себепті, қоршаған ортаға тап боған антибиотикті залалсыздандырудың өзектілігі күн тәртібінен түскен емес. Ғалымдар бұл бағытта биологиялық тұрғыдан ыдырайтын гидроксиапатиттен арнайы сорбент (сіңіріп алушы материал – ред.) жасады. Аталмыш сорбенттің нанобөлшектері антибиотикті мейлінше тиімді қармауға ықпал ететін молекулалармен қоршалған. Содан соң антибиотик молекуладан оңай ажырайды басқа ортада. Бұл жайт өз кезегінде сорбенттің регенерациясын жақсартуға, яғни, сорбенттің қалпына келуіне мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат