Суды микропластиктен магнитті нанобөлшектермен тазартудың жолы табылды
Суды  микропластиктен магнитті нанобөлшектермен тазартудың жолы табылды
1 ай бұрын 920 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Паулу университетінің (Бразилия) ғалымдары микро- және нанопластиканы судан жоюдың аса үнемді әрі аса тиімді құралын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Micron мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей технология магнитті нанобөлшектерді қолдануды ұйғарады немесе нанобөлшектерді пайдалануға негізделген: микропластикті жабыстырып, артынан сіңіріп, содан соң ыдырататын күлдей ұсақ бөлшектер турасыгда сөз болып отыр бұл арада. Қоршаған ортаны түгел ластаған, соның ішінде, ауада, суда, топырақта кездесетін микропластик тірі организмдердің бәріне таңдамай, талғамай зиянын тигізеді. Көзге көрінбейтіндіктен микропластиктен арылу қиын. Осыны ескерген ғалымдар иммобилизацияланған ферменттердің молекулаларын (фермент молекуласы фазаға қосылатын немесе ерімейтін тасымалдаушымен біріктірілген технология) — липаза мен полидопаминді — магнитті темір тотығы нанобөлшектеріне бекітті. «Бақыт гормоны» молекулаларының құрамынан құралған бұл табиғи полимердің мусселдер мен басқа моллюскілер бөлетін ақуыз қосылыстарына ұқсас бірегей желімдік қасиеті бар. Бұл «жабысқақ» жіпшелер нанобөлшектердің пластмассаға жабысып, оны сіңіруіне мүмкіндік береді. Осыдан кейін оны су ерітіндісінен алып тастауға болады. Химиктер бұл бағытта мүлдем тың тәсіл қолдана отырып, дәлірегі, гиперспектралды визуализацияны пайдалана отырып, нақты уақыт аралығында реакцияларды бақылады: технология нанопластиканың суды ластамай ферменттік тұрғыдан ыдырауына мүмкіндік берген.

0 пікір
Мұрағат