Суда жазу жазудың жолы табылды (видео)
|
Дармштадт техникалық университеті мен Жон Гутенберг университетінің ғалымдары сұйық ортада ұзақ уақытқа сақталатын жазу жазудың технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей әдіс диффузия және осмос процестеріне, яғни, сұйық қоспадағы концентрациялардың айырмашылығынан туындаған түрлі типтегі бөлшектердің өздігінен қозғалуына негізделген. Бұл тарапта неміс зерттеушілері қағаз ретінде пайдаланған сұйық қоспадағы зарядталған иондардың деңгейі төмен болды және сия орнына ерітіндінің бойына шашыраңқы үлкен коллоидтық бөлшектер жұмыс істеді. Жазу үшін инженерлер ерітіндіге үлкен зарядталған бөлшектерді кішігірім бөлшектермен ауыстыруға қабілетті шағын ион алмастырғышты орналастырды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Бенно Либхен есімді ғалымның айтуынша, үлкен иондарды кішірек иондармен ауыстырған кезде кішірегі жылдамырақ қозғалады (диффузиялық) және бұл бөлшектер концентрациясының айырмашылығына әкеледі. Иондардың таралуындағы бұл концентрация градиенті контейнер түбіндегі сұйықтықтың моншаққа жақын жылжуын тудырады. Қозғалатын сұйықтық өзімен бірге көрінетін коллоидты бөлшектерді («сия») алып жүреді. Сұйықтықты кішкене үстелге айналдыра отырып, зерттеушілер ион алмастырғыш қаламды ерітінді арқылы бағыттау үшін ауырлық күшін қолданып, түрлі үлгілерді жасап көрген екенн. Моншақ сұйықтық арқылы қозғалған кезде коллоидты бөлшектер концентрация градиентінің әсерінен оның ізіне тартылып, моншақ артында көрінетін сызық пайда болады.
Видео: Nadir Möller et al., Nano Micro Small