Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады
Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады
4 жыл бұрын 4800 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам стресс алғанда бөлінетін норадреналин (гормон) обыр жасушаларын белсендіреді, бұл өз кезегінде онкологиялық аурудың қайталануына апарып соқтырады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Енді пайда бола бастаған қатерлі ісік рецидиві (қайталануы) обырдан зардарп шегетін науқастар өлім-жітімінің негізгі себептерінің біріне жатады. Әдетте пайда бола бастаған сәтінде ем арқылы беті қайтарылғанымен қатерлі ісік жасушалары адам стресс алғанда қайта бас көтереді. Ғалымдар осы уақытқа дейін беті қайтарылған қатерлі ісіктің қайта пайда болуына не әсер ететінін білмей келген еді. Филадельфиядағы Вистар институтының өкілі Микела Перего (Michela Perego) бастаған неміс, орыс және америкалық ғалымдардың топшылауынша, нейтрофилам деп аталатын имундық жасушалар мен норадреналин және кортизол секілдіә белгілі бір гормондар беті қайтарылған қатерлі ісік жасушаларының оянуына ықпал етеді. Артынан зертханада жүргізілген тәжірибе нәтижесі растағандай, норадреналин өкпе обырының ұйқыдағы жасушаларын белсендірген. Қан құрамындағы норадреналин деңгейі адам жарақат алғанда, қатты шошынғанда, қобалжығанда, уайымдағанда, үрейге бой алдырғанда, жүйкесі сыр бергенде, қысқасы, стресс алғанда күрт артып кетеді. Ол ол ма, отырған жерінен атып тұрғанда да артып кететіні белгілі болды. Ғалымдар анықтағандай, иммобилизациядан (қимылсыз қалудан) пайда болатын стресс кезінде тышқанның бойында да норадреналин деңгейі көтеріледі, бұл өз кезегінде нейтрофилді (туабітті иммунитеттің бір бөлігі, лейкоциттердің 40 % дан 70 %-ға дейінгісін құрайды, өзге лейоциттерге қарағанда тінге өте алатын қабілеті бар) S100A8 / A9 қабыну ақуызын және миелопероксидазді (нейтрофил ферменті) бөлуге мәжбүрлейді. Бұлар өз кезегінде қышқыл липидтердің жиналуына апарып соқтырады. Нейтрофилдерден босап шыққаннан кейін липидтер қатерлі ісік жасушаларындағы фибробластың (талшықты дәнекер тін) өсуіне ықпал етеді. Осылайша қатерлі ісікті оятады.

0 пікір
Мұрағат