Стреске байланысты шаштың түсуіне ықпал ететін тетік табылды
Стреске байланысты шаштың түсуіне ықпал ететін тетік табылды
4 жыл бұрын 3415 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар зертханадағы тышқанға жүргізілген тәжірибе барысында шаштың өсуін тежейтін стресс гормонымен байланысты молекулярлы тетікті анықтай алды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оталған гормонды бұғаттаған кезде кеміргіштің шаш фолликуласының (шаш фолликуласы - жасушалар мен дәнекер тіндері бар және шаштың түбірін қоршап тұратын шұлық тәрізді құрылым) қызметі қалпына келді. Созылмалы стрестің шаштың түсуіне ықпал ететіні бұрыннан белгілі болса да шаш фолликулының діңгекті жасушасы қызметінің бұзылуына стресті байланыстыратын тетік осы уақытқа дейін белгісіз болып келген еді. Кадрлық және технологиялық базасы білікті мамандар мен осы заманғы, дәлірегі, соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған Гарвард университетінің биологы Я Чье Хсу (Ya-Chieh Hsu) әріптестіремін бірге анықтағандай, созылмалы стресс кезінде тышқан бойынан бөлінетін кортикостеронның (гормон) шаш фолликуласының діңгекті жасушаларын реттеу арқылы шаштың өсуін тежейтін болып шықты. Ал адамда аталған гормонның баламасы болатын кортизол да шаштың өсуін тежеу процесіне тікелей қатысы бар. Шаштың өсу процесі бір-бірін ұдайы алмастыратын үш негізгі кезеңнен тұрады: өсу, тоқтау және дегенерация. Өсу сатысында шаш фолликуласы өсу үстіндегі шаштың білігін итеріп отырады. Ал тоқтаған кезде шшаш фолликуласының төменгі бөлігі қысқарады, алайда, шаш орнында қалады. Үшінші сатысында, яғни, дегенерацияда шаш фолликуласының діңгекті жасушалары ұйқы жағдайына енеді де шаш жатық болады. Тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, стресс гормоны көтерілгенде шаш фолликуласы тышын сатысына өтеді, керісінше кортикостерон мөлшері төмендегенде шаш фолликуласының діңгекті жасушалары белсенді күйге көшіп, жаңа шаштың өсуіне ықпал етеді. Ғалымдар көз жеткізгендей, кортикостерон дерматикалық папилларға әсер ете отырып, шаш фолликуласының діңгекті жасушаларының көбеюіне ықпал ететін сүйектегі 6 (GAS6) морфогенетикалық ақуыздың жасырын өсу факторын кодтайтын Gas6 генінің экспрессиясын басып тастайды. Gas6 экспрессиясын қалпына келтіру шаштың өсуіне ықпал етеді. Шаш фолликулының діңгекті жасушаларының кортикостероны болмаған жағдайда регенерация циклі (қалпына келу, өсу айналымы) өмір бойы артып отырады. Керісінше созылмалы стресте кортикостеронның жоғары деңгейі діңгекті жасушалардың тыныш жағдайын ұзартады әрі шаш фолликуласын ұйқы жағдайында ұстайды. Ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде созылмалы стреске байланысты шаштың түсуін тоқтатуға ықпал ететін тың емдеу тәсілдерін табуға көмектеспек. Алайда, кортикостерон адамның стресс гормоны – кортизолдың эквиваленті деп саналғанымен тышқан мен адам шаштарының өсу кезеңдерінің арасында айырмашылық барын ұмытпау керек. Бұл фактор өз кезегінде адамның шаш фолликуласының тиімділігіне өз әсерін тигізбей қоймайды.

Ұқсас материалдар:

"Адамның таз болуының негізгі бір себебі белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-taz-boluynyn-negizgi-bir-sebebi-belgili-boldy-15046/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат