«Жасушаларға арналған LEGO»: құрылымдар жарық арқылы тірі жасушалардың ішіне жиналады
«Жасушаларға арналған LEGO»: құрылымдар жарық арқылы тірі жасушалардың ішіне жиналады
14 күн бұрын 523 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл технология жасуша процестеріне, соның ішінде нақты бір бөлігіне әсер етуге негізделген. Бұл технология түрлі ауруларды емдеудің тың әдістерін табуға көмектесуі ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Synthesis мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк қоғамының полимерлер институтының ғалымдары жасыл түсті жарықдиодты жарықтың көмегімен тірі жасушалардың ішінде талшықты желілер құрудың жолын тапты. Жасанды микротолқындар организмнің ішіндегі көлік магистралдары мен байланыс арналары тәрізді қызмет ететін табиғи, жұқа қаңқаны толықтырады. «Жасыл түсті жарықдиодты жарықтың әсеріне ұшырағанда ұзын талшықтарға жиналатын миниатюралық құрылыс блоктары LEGO молекулалық кірпіштеріне ұқсас», - деп түсіндірді ғалымдар. Олар бұл жарық сезгіш молекулаларды тірі жасушаларға енгізеді. Содан кейін сәулеленген кезде бұл компоненттер жасуша ішінде жасанды желі түзе отырып, ұзын талшықтарға жинала бастайды. «Біз жарықты реттеу арқылы қашан, қайда және қанша талшық түзілетінін бақылай аламыз», - деді осы зерттеуге атсалысқан Ён Рен есімді ғалым. Зерттеушілер жарықтандырудың қарқындылығы мен ұзақтығы алынған желінің тығыздығына тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында ғалымдар кейбір жасушаларда — мысалы, қатерлі ісік жасушаларында — тым көп талшықтар өндіру олардың өліміне әкелетінін анықтады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижелері аталмыш технологияның емдік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. «Біздің денелеріміз жасушалар бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан ғана жұмыс істейді», - деп түсіндіреді зерттеу авторларының бірі автор Таня Уайл. Мұндай байланыс әдетте күрделі биохимиялық процестер арқылы — жараны емдеген кезде, иммундық жүйеде немесе жасуша энергиясын басқару процесінде пайда болады. Осы процестерді белгілі бір мақсатта қолдану немесе бағыттау мүмкіндігі медицинада мүлдем жаңа мүмкіндіктер аша алады.

Жарық әсерінен жасушалар ішіндегі пептидтік наноқұрылымдардың жиналуыныңң схемасы. Кескін:  Yong Ren et al., Nature Synthesis

 

0 пікір
Мұрағат