Социофобия да биомаркері бар нақты аурудың бір түрі болып шықты
Социофобия да биомаркері бар нақты аурудың бір түрі болып шықты
3 жыл бұрын 1591 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары күншығыс еліде хикикомори деп арнайы ат қойып, айдар тағылған, әлеуметтен қол үзіп, айлап, жылдап, оқшау әрі томаға-тұйық өмір сүретін топтағылардың қан құрамындағы көрсеткіштерден өзгерістер тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы TechInsider және tandfonline.com ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар қоғамнан қорқатын 42 хикикомор мен 41 кәдімгі адамның қан анализдерін салыстырып көрген екен. Нәтижесінде социофобияға бейім адамдардың қан құрамындағы ақуыздар профилі жай адамдардікіне қарағанда өзгеше болып шыққан: олардың әрқайсысында ұзын тізбекті ацилкарнитин деңгейі жоғарылаған. Хикикомори еркектерінің де орнитин мен аргиназа деңгейі жоғарырақ, ал билирубин мен аргинин деңгейі төмен болған. Қан анализі бойынша ғалымдар, тіпті, аурудың ауырлығын да болжай алдған екен. Сонымен бұл қандай ауру немесе қандай биомаркер? Орнитин - қан қысымын реттеуге көмектесетін амин қышқылы. Билирубин бауыр функциясымен және Жильбер синдромы (бауыр дертімен байланысты) сияқты депрессия белгілерімен байланысты. Ацилкарнитиндер миды энергиямен қамтамасыз ету үшін маңызды. Кейбір препараттарды қабылдағаннан кейін депрессияға ұшыраған адамдарда олардың деңгейі төмендейді. Жалғыздық дерті нақты әлеуметтік дерт ретінде күйзеліс секілді ауыр симптомдармен байланысты көрініс табады. Өркениет дерті деп те аталады. Бұл оқшпулану дерті, әсіресе, отбасы құнылықтары маңызы жойған дамыған елдерге тән болып келеді.

Ұқсас материалдар: 

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0);

"Әлемде қанша адамның жалғыздықтан жапа шегетіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-qansha-adamnyn-jalgyzdyqtan-japa-shegetini-anyqtaldy-16410/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jalgyzdyq-dert-galymdar-onymen-kuresudin-strategiyasyn-azirleidy-14397/#gsc.tab=0);

«Адамның неғұрлым дана болған сайын жалғыздықтан соғұрлым аз жапа шегетіні анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-negurlym-dana-bolgan-saiyn-jalgyzdyqtan-sogurlym-az-japa-shegetini-anyqtaldy-14944/#gsc.tab=0);

 «Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар жалғыздыққа қарсы дәрі жасауға кірісті" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jalgyzdyqqa-qarsy-dari-jasauga-kiristi-14932/#gsc.tab=0);

«Адамның жалғыздықтан жапа шегетін жас кезеңдері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-jalgyzdyqtan-japa-shegetin-jas-kezenderi-anyqtaldy-11260/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат