Соққы мен жарылыстан қорғайтын қоспа жасалды. Ол энергияны сіңіріп алады
Соққы мен жарылыстан қорғайтын қоспа жасалды. Ол энергияны сіңіріп алады
3 жыл бұрын 1945 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қандай да бір нысанды соққы мен жарылыстан нанопорозды, ұнтақ тәрізді материалдың және суланбайтын сұйықтықтың қоспасымен қорғауға болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған sciencedirect.com ақпарат көзіне («Journal of Colloid and Interface Science» мерзімді басылымына) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәскеу инженерлік-физика институтының ұлттық, ғылыми ядролық университетінің ғалымдары аталған қоспаның ерекшелігін зерделей келе сыртқы, импулсті әсердің энергиясын мейлінше жылдам сіңіріп алатынына көз жеткізді. Бұл арада кеуекті материалдарды суламайтын сұйықтықтармен толтыру мүмкіндігін қолдану турасында сөз болып отыр: кеуекті материалдарды суламайтын сұйықтықпен атмосфералық күшті қысым арқылы толтыруға болады.  Алайда, сұйықтық қысым төмендегенде материал саңылауынан ағып кетуі мүмкін. Сұйықтықтың тесіктерге кіретін және шығатын қысымдарының айырмашылығы (қысым гистерезисі) осындай қоспамен жұтылатын энергияның үлесін анықтайды. Айырмашылық неғұрлым көп болса, энергияны сіңіру үлесі де соғұрлым жоғары болмақ. Нәтижесінде қоспа өзі сіңірген энергияға қарағанда айтарлықтай көп қызбайды, соған сәйкес құрылғы температурасы көтерілмейді. Бұл құрылғының төңірегіне төндірер қаупін жояды.

0 пікір
Мұрағат