Шет тілінде тілдесуге көмектесетін AirGo 3 смарт көзілдірігі пайда болды (видео)
Шет тілінде тілдесуге көмектесетін AirGo 3 смарт көзілдірігі пайда болды  (видео)
11 ай бұрын 792 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Айрықша гаджет жағдайға қарай бірнеше режимде жұмыс істей алады. Бағасы – 199 доллар. Бұл жайында islam.kz порталы yahoo.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Solos компаниясы AirGo 3 смарт көзілдірігін жұртшылық назарына ұсынды. Өндірушінің айтуынша, гаджет аузыңыздан шыққа сөзді қажетті тілге нақты уақытта аударады. Өзгеше құрылғыға орнатылған ChatGPT чат-боты шет тілінде тілдесуге мүмкіндік береді. Аталмыш құрылғының өзі бірден бірнеше режимде жұмыс істей алады. Бірінші режим «Тыңдау» деп аталады. AirGo 3-ті құрастырушылар оны жеке сөйлесуге өте ыңғайлы екенін алға тартып отыр. «Топтық» режимі, аты айтып тұрғандай, командада сөйлесуге көмектеседі. Ұпайлар жинағы, сонымен қатар, «Презентация» режимін қамтиды - ол мазмұнды, яғни, контентті басқа адамдармен бөлісуге мүмкіндік береді. Алушы жақ файлдарды өз тілінде оқи алады. Функциялардың көптігіне қарамастан, AirGo 3 салмағы бар болғаны - 30 грамм. Сонымен қатар, көзілдірікте жалпы деңгейі 100 децибелге дейін кіріктірілген динамик бар. Қолданушы WhatsApp, iMessage және басқа платформалардан подкасттарды, музыкалық тректерді тыңдай алады, өзгеге қоңырау шалып, хабарламалар ала алады. Өндіруші бұл көзілдіріктің батареясы10 сағатқа дейін қызмет ететінін, USB Type-C протоколы қолданылатынын және одан да маңыздысы - түрлі линзаларды пайдалануға мүмкіндігі барын алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат