Шашыраңқы склерозды емдеу тәсілі табылды
Шашыраңқы склерозды емдеу тәсілі табылды
4 жыл бұрын 3752 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдегі Хадасса (Hadassah) университетінің медициналық орталығы мамандарының діңгекті жасушаларды пайдалана отырып, инновациялық жолмен емдеу тәсілі асқынып кеткен шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастардың жағдайын едәуір жақсартқан. Бұл жайында islam.kz порталы Jerusalem Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жоғарыда аталған емдеу тәсілі аурудың өршуін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар, дерттің бетін қайтарып, аурудан зардап шеккен организмді қалпына келтірген. Бұл зерттеу материалы әлемге әйгілі Оксфорд университетіне тиесілі Brain мерзімді басылымында жарияланды. Шашыраңқы склероз – аутоиммундық ауру. Бұл дерттен бүгінгі таңда әлем бойынша 2,3 млн адам зардап шегеді. Аталған аурудан миелин (жүйкені қорғайтын әрі жүйке импульсін тиімді жеткізуге ықпал ететін қабықша) мен орталық жүйке жүйесінің жүйке жасушаларын зақымдалады. Нәтижесінде бұл дертке шалдыққан науқас кемтар болып қалады. Әдетте аталған ауру айналдырған науқастың қолдары мен аяқтары шаншып ауырады және сіресіп қалады, жүріс-тұрысында қиындық тудырады, тіпті, сал қылып тастауы да мүмкін. Бүгінде аталған ауруды тиімді емдеу жолы жоқ, көбінесе аурудың қарқынын уақытша басатын ем қолданылады. NG-01 деген атау берілген Hadassah медициналық орталығының тәсілінде шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастың миынан алынған жасушалар пайдаланылады. Бұл өз кезегінде организмді жатырқау проблемасынан құтқарады. Жасушалар пациенттің жұлынына енгізіледі, яғни, тікелей орталық жүйке жүйесіне енгізіледі. NeuroGenesis-тің бас директоры Таль Гилаттың түсіндіруінше, бұл процедура оңай әрі шамамен 20 минут уақыт алады. Бұл емдеу тәсілі қолданылған пациенттердің 60%-да емдеу барысында аурудың белгісі байқалмаған. Пациенттердің шамамен 20%-ы алғашқы иньекциядан кейін жағдайы жақсарған. Алты айдан соң пациенттердің 73%-да аурудың белгісі білінбеген әрі жағдайы жақсарған.

Ұқсас материал: «Биологтер склероздың дамуын тездететін факторды анықтады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-sklerozdyn-damuyn-tezdetetin-faktordy-anyqtady-14282/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат