Шаштың өсуіне жауапты жасуша табылды
Шаштың өсуіне жауапты жасуша табылды
4 жыл бұрын 5977 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары шаштың қалпына келуінде аса маңызды рөл ойнайтын діңгекті жасушаны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports британдық мерзімді басылымына және осы бағытта хабар таратқан nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау жаңалыққа байланысты күншығыс елі ғалымдары ер адамдардың таз ауруының емінде қолдану үшін клиникалық зерттеу жұмыстары жүргізуді көздеп отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан «Рикэн» мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтында жасақталған ғалымдарға жетекшілік еткен Цудзи Такаси әріптестерімен бірге  сараптама арқылы CD34 антиденесіне (мембранды ақуыз) және адгезия ақуызы болып табылатын альфа 6 интегрині мен бета-5-ке оң нәтиже көрсететін діңгекті жасушалар тенаскин деп аталатын гликопротеинмен бірге шаштың үздіксіз регенерациясында (өсуінде) маңызды рөл атқаратынын анықтады. Цудзи Такасидің айтуынша, шаштың түсуі мен тістің түсуі адам өміріне қауіп төндірмесе де адамның өмір сүру сапасын нашарлатады.

[Copyright The Jiji Press, Ltd.]

0 пікір
Мұрағат