Шамамен 95 млн жыл тіршілік еткен масаның жаңа түрі белгілі болды
|
Ғалымдар "Burmaculex antiquus" деген масаның жаңа түрін қазып алып отыр. Бұл жайында Фараби Арыстанбек есімді автор хабар таратты. Қазіргі таңда аталған маса әлемдегі ең ежелгі шыбын-шіркей болып саналады. Шамамен алғанда жер бетінде осыдан 95 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
Дәл мұндай олжаның табыла беруі екіталай. Шамадан тыс кішкентай, әрі денесі тіптен нәзік маса қалай сақталып келген дейсіз ғой? Ғалымдар кәріптастың (жер астынан табылатын тестанған мөлдір смолалы зат) ішінен тауыпты. Бәріне қарамастан осы бір маса жақсы сақталып қалған. Ендігі кезекте зерттеушілер масаның одан бергі мыңжылдықта қалай өсіп-өнгенін зерттеп көруде.
Бүгінгі таңда жер бетінде 38 тұқымға бөлінетін масаның үш мың түрі бар. Ал "Burmaculex antiquus" масасы әлемдегі ең ежелгі бунақденелердің қатарына жатады.
Адам терісі - ең күрделі табиғи материалдардың бірі. Қаншама жылдар бойына ғалымдар адам терісінің жасанды түрін жасауға әлек болып келеді. Адам терісі ағзаның ішкі бөлігін қорғап қана қоймай, сонымен қатар екі бірдей өзіндік қасиетке ие: ол мыңдаған жүйке талшықтарынан тұрады және сенсорлы жүйе секілді жанасқан нәрсені миға жіберіп отырады; екіншісі - уақыт өте келе өздігінен қалыпқа келеді.
Таяуда Стенфорд университетінің ғалымдары бөлме температурасында қалыпқа келетін және сезімталдыққа ие ең алғашқы синтетикалық материалды жасап шығарды.
Жаңа жасанды теріні жасауға сутекті қоспалар қосылған пластикті молекулярлық тізбек негіз болған. Содан кейін зерттеушілер тері ішінде электрондар жүруі үшін және олар электрлік ток құру үшін никель (күміс сияқты ақ түсті оңай ерімейтін металл) бөлшектерін қолданған.
Ғалымдар болашақта аталған материал пластикалық хирургияда төңкеріс жасайды деп сенеді. Және өз-өзін қалыпқа келтіріп, қайта іске қосылатын электронды құрылғылар жасауға да өте-мөте қажетті деп отыр.
Нілдің батыс жақ жағалуында орын тепкен "Патшалар жазығы" тұсынан ежелгі египеттіктердің мұрасы саналатын саркофаг табылды. Қызыл граниттен жасалған тас табыт Мернептах фараонның құрметіне осыдан 3200 жыл бұрын соғылған екен.
Билеуші өлген соң оны бірнеше табыттың ішіне мумиялап көмген. Ең сыртқы тас табыт саркофагтардың ішіндегі ең үлкені саналып отыр: ұзындығы - 4 метр, ені - 2,3 метр, биіктігі - 2,5 метр.
Ежелгі Египетте жерлеудің осы дәстүрі озық жаңғырған. Алайда, төрт саркофаг та фараонның денесін қорғап қала алмапты. Оған себеп, бертін келе қабір тоналып, тас табыттың ішкі бөліктеріне зақым тиген.
Бүгінгі таңда ғалымдар сыртқы саркофагқа түскен жазуларды оқып, суреттегі бедерлердің не екенін түсінуге тырысып жатқан жайы бар.