Шала ұйқы организмнің қартаю процесін тездетеді
Шала ұйқы организмнің қартаю процесін тездетеді
12 ай бұрын 1756 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Білікті маман шала ұйқының биологиялық қартаю процесін тездететінін ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы eatthis.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шала ұйқы – күнделікті өмірдің тасасында қатері көрінбейтін проблема ғана емес, сонымен қатар, «уақыт машинасы» қызметін атқаратын болып шықты, дәлірегі, организмнің тозу процесін күшейтеді. Дорси Стэндиш есімді денсаулық сақтау саласының сарапшысы әрі нейробиолог қанық ұйқы қажетті энергиямен қамтамасыз ету арқылы сергек ететінін алға тарта отырып, адамның мәнді өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды фактор екенін тілге тиек етті. Ұйқы кезінде ақуыз молекулалардың өнімділігі артады, осылайша жасушаны қалпына келтіруге қажетті құрылыс материалдары ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, ол ми жұлын сұйықтығы ұйқы кезінде адамның ояу кезінде жиналатын қалдықтар мен улы заттардың мидан шайылып кетуіне ықпал ететінін атап өтті. Калифорния университетінің ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, тіпті, бір түн ішінара ұйықтамаудың өзі биологиялық қартаюмен байланысты гендерді белсендіретінін анықтады, әсіресе, егде жастағы адамдарда. Ұйқының қанбауын уақытша қолайсыздыққа жатқызбау керек екенін ескертті.

Ұқсас материалдар:

«Шала ұйқы ауруға сезімталдықты арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-auruga-sezimtaldyqty-arttyrady-15687/#gsc.tab=0);

«Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар аз ұйықтаудың амалын тапты - организмнің ұйқыға қажеттілігі қысқарды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-az-uiyqtaudyn-amalyn-tapty-organizmnin-uiqyga-qajettiligi-qysqardy-15621/#gsc.tab=0);

«Ұзақ ұйқы да ажал шақырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-uiqy-da-ajal-shaqyrady-3985/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат