Шала ұйқы мен смартфонның ерлер ұрығының сапасын көп төмендететіні белгілі болды
Шала ұйқы мен смартфонның ерлер ұрығының сапасын көп төмендететіні белгілі болды
4 жыл бұрын 7827 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұйқыға жатар алдында экраны бар электронды құрылғыны пайдаланған ер адамның ұйқыдан оянған соң ұрығының сапасы төмендеп кететіні белгілі болды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі щетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы сауалнама жүргізіп, зерттеу нәтижесін ариялаған израилдік ғалымдардың айтуынша, түнгі уақытта смартфон мен планшетті жиі пайдаланатын ерлер сперматозоидінің концентрациясы (қоюлығы), қозғалысы және шапшаңдығы түнде қолына аталған құрылғыларды алмайтын ерлер шауһатына қарағанда көп төмен болған. Аталмыш зерттеуге қатысты жүргізілген тәжірибеге 21-59 жас аралығындағы 116 ер адам қатысты. Олар шауһатын анализге тапсырып, анкета толтырған екен. Бұдан бөлек, аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Амит Грин ұйқысы қанық ерлер сперматозоидінің сапасы жоғары болып шығатынын алға тартып отыр. Ал ұйқысы шала ерлер сперматозоиді сұйық әрі жасық болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат