Семіздікпен күрес: арықтататын дәрі жасалды
|

Lilly фармацевтикалық компаниясы Ozempic және Wegovy сияқты танымал салмақ жоғалтуға арналған ине шаншу арқылы организмге енгізілетін дәріні алмастыра алатын алғашқы таблетка түріндегі orforglypron дәрісін әзірледі. Клиникалық зерттеулердің соңғы кезеңінің дерегі бойынша тәжірибеге қатысқандар аталмыш дәріні қабылдаған тоғыз ай ішінде орта есеппен 7,2 келі салмақтан арылған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жассай отырып мәлім етеді. Жаңа құралдың әсері инъекциялық препараттармен бірдей - GLP-1 рецепторларына әсер етеді: ол тәбетті басады және қанығу сезімін ұзартады. Инъекцияға қарағанда, таблетканы күніне бір рет, кез келген уақытта қабылдауға болады. Таблетканың уколдан артықшылығы шприц секлді қосымша медициналық құралды қажет етпейді әрі ине шаншу кезінде орын алуы ықттмал инфекциялық қатері болмайды. Жаңа дәрінің жүрек айныту, ас қорытудағы уақытша қиындық түріндегі кері әсері барын айта кету керек, алайда, организмге қатері жоқ. Дегенмен, бұл дәрінің алдағы уақытта сусамырмен және артық салмақпен күресуде маңызды құралға айналатынын алға тартып отыр сарапшылар.




