Мысыр қарулану көздерін әртараптандыруға көшті
Мысыр қарулану көздерін әртараптандыруға көшті
20 күн бұрын 791 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр таяуда Қытайдың замануи, жоғары технологиялы әуе қорғаныс жүйесін сатып алды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кез келген қауіп-қатерлі қарсы тұра алатын мұндай қарулар қатарында ресейлік С-400 зымыранға қарсы жүйесінен кем түспейтін қытайдың HK-9B алыс қашықтыққа ұшатын қаруы да Мысырдың арсеналын толықтырған екен. HK-9B жүйесі кем дегенде 200 шақырым қашықтан жау нысанасын жоя алады, жау зымыранын қадағалай алады. Қолайлы сәтте кез келген қашықтан әуеден төнген өатерге тойтарыс бере алады. Израилдің «Nziv.net»  сайтының мәліметінше. Аталған жүйенің әрбір ұшыру қондырғысы сегіз жеңіл және жинақы зениттік зымырандарды тасымалдауға қабілетті. Мысырдың озық қару жүйесін Қытайдан сатып алуы өз кезегінде Мысыр билігінің қару көздерін әртараптандыру және елдің әуе шабуылына қорғанысының мүмкіндіктерін кеңейту саясатын көрсетеді. Мысыр қарулы күштерінің доғарыстағы генералы, әскери және стратегиялық сарапшы Мұхаммед Рифат Жад «Әл-Arabiya.net» және «Әл-Hadath.net» агенттіктеріне берген сұхбатында қытай жүйесі өзінің сипаттамалары бойынша ресейлік С-400 және америкалық Patriot әуе қорғаныс жүйелерінен кем түспейтінін мәлімдеді. Жүйе алғаш рет 2009 жылдың наурыз айында Африка қорғанысы және аэроғарыш көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Мысырлық әскери атап өткендей, бұл жүйе 100-ге дейін әуе нысаналарын қадағалауға және бір мезгілде олардың 50-ден астамымен жұмыс істеуге қабілетті 3D-радиолокатормен жабдықталған. Сондай-ақ, оны түрлі радар түрлерімен, оның ішінде баллистикалық зымырандарға қарсы тұратын радармен біріктіруге болады. Оның айтуынша, жүйе жылжымалы жүйе ретінде жобаланған - зымырандар, радарлар мен командалық пункттер жылжымалы қондырғыларда орналастырылады, ал бұл жайт майдан даласында икемділікті қамтамасыз етеді. Қытайдың бұл жүйесі Иранда, Өзбекстанда және Түркіменстанда бар. Бұрын хабарланғандай, Мысыр мен Қытай арасында ұшу қашықтығы 300 шақырымнан кем түспейтін PL-10 «әуе-әуе» үлгісіндегі зымырандармен жабдықталған қытай жойғыш ұшақтары бойынша ықтимал келісім бекітілген. Бұл соққы беруші ұшақтар Мысырдың әуе кеңістігін қорғайтын әскер әуе күштерінің әлеуетін арттырады. Дәлірегі, мұндай ұшақтар өөзіне оқ жететін арақашықтыққа жеткізбей жау нысанасын жоя алады. Яғни, тактикалық артықшылығы бар мұндай ұшақ әуе кеңістігіндегі айқаста сөзсіз үстем түседі.

0 пікір
Мұрағат