Саңырауқұлақтан тері жасалды (фото)
Саңырауқұлақтан тері жасалды (фото)
4 жыл бұрын 3129 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австриялық ғалымдар финдік әріптестерімен бірге теріні жаңа синтетикамен алмастыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік технологияны соңына жеткізейін деп қалды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізгі материал ретінде олар саңырауқұлақты таңдаған екен: мал терісінен сырттай қарағанда әрі функциясы жағынан да кемдігі жоқ материал ала білді. Есесіне тері шикізаты ретінде малды немесе жануарларды өлтірудің енді қажеті болмайды, өйткені, ендігі шикізат көзінің әлеуеті шексіз. Табиғи терінің басты кемшілігі – жануарды өсіру мен бағуға кететін шығынның жоғары болуы. Бұдан бөлек, теріні өңдеу кезінде адамға аса қауіпті химикаттар қолданылады. Синтетикалық терінің проблемасы басқада – ол табиғи ортада өте баяу ыдырайды, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға залал келтіреді. Міне, осындай себептермен ғалымдар өзі табиғи әрі экологиялық жағынан қауіпсіз, сондай-ақ, биологиялық тұрғыдан тез ыдырайтын материал алу жолында ізденіп, саңырауқұлақты зерттеп, зерделеген еді. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын саңырауқұлақтың жасуша қабырғасында хитинның бары белгілі болған еді. Міне, осы зат ғалымдардың осы жолғы ізденісіне себеп болған еді. Полимерлік хитин әмбебап болып келеді – одан көптеген заттар мен бұйымдар жасауға болады – қағаздан бастап құрылыс материалдарына дейін. Бір ғана олқылығы – ол саңырауқұлақтың сыртқы, көрініп тұратын жағында емес, жіңішке жіп түрінде жер астында жататын мицелияда кездеседі. Оны өндіріп алу көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Десе де өткен жылы бұл проблеманың да шешімі табылды – финдік ғалымдар қалалық жердегі органикалық қалдықтармен жұмыс істейтін жаңа тұрпатты саңырауқұлақ фермасын ашты. Ол мицелияны коммерциялық мақсатта жылдам өсіретіндей әрі өндіретіндей етіп жобаланған.

Ұқсас материалды қарай отырыңыз: «Кактустан тері алу тәсілі табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/kaktustan-teri-alu-tasili-tabyldy-foto-13817/#gsc.tab=0)

Грибная кожа

Грибная кожа

0 пікір
Мұрағат