Саңырауқұлақ мицелиінен зақымдалғанда өздігінен қалпына келетін жасанды тері жасалды
|
Инженерлер зақымдалғанда өздігінен толық қалпына келе алатын, теріге ұқсас материал жасады. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ньюкасл және Нортумбрия университеттерінің зерттеушілері мицелия деп аталатын саңырауқұлақтардың жіп тәрізді құрылымдарынан «емдік» тері жасап шығарды. Ғалымдар мицелиді ақуыздарға, көмірсуларға және басқа да қоректік заттарға бай арнайы «сорпада» өсірді. Сұйықтықтың бетінде түзілген жұқа қабықшаны (пленка) ғалымдар алып, тазартып, кептірген кезде теріге ұқсайтын жұқа материал пайда болды. Зерттеушілер саңырауқұлақтың құрылымын жылудың және теріні қалыптастыру үшін біршама жұмсақ, түрлі химиялық заттардың әсеріне ұшыратып көрді, десе де саңырауқұлаққа тән функцияның біраз бөлігін сол күйі қалдырды. Нәтижесінде сиыр терісіне ұқсайтын материал пайда болады, онда ұйқыдағы хламидоспоралар - мицелидегі кішкентай түйіндер қалды, олар қайта оянып, жіп тәрізді материалды өсіреді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында жасанды теріні әр жерінен тесіп, саңылаулар жасағаннан кейін түрлі элементтерге бай бірдей ерітіндімен жуды. Осының әсерінен хламидоспоралар «оянды». Біраз уақыттан кейін мицелия саңырауларды бітеді. Зақымдалған тұстардың ізі қалғанымен жаңа материалдың зақымданбаған жерлері сияқты сапасын жоғалтпады, яғни, беріктігін сақтап қалды. Аталмыш технология зақымдалғанда өздігінен қалпына келетін тері былғарысын жасауда пайдаланылуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Десе де мұндай материалдан жасалған күркеңіз жауын астында қалса, іші саңырауқұлаққа толып кетуі мүмкін, сол себепті, саңырауқұлақтың өсуін тежейтін әдісті табу керек.
Ұқсас материалдар:
«Ғалымдар былғарыны, жіп пен қағазды саңырауқұлақтан жасалған материалмен алмастырудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bylgaryny-jip-pen-qagazdy-sanyrauqulaqtan-jasalgan-materialmen-almastyrudyn-jolyn-tapty-video-16557/#gsc.tab=0);
«Саңырауқұлақпен әлемді құтқаруға болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/sanyrauqulaqpen-alemdi-qutqaruga-bolady-15638/#gsc.tab=0);
«Жасанды тері жанаспай-ақ жақындап келе жатқан обьектіні немесе субьектіні сезеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-teri-janaspai-aq-jaqyndap-kele-jatqan-obektini-nemese-subektini-sezedi-18131/#gsc.tab=0);
«Ақылды тері» жасалды: жәндік шақса да, оқ атса да ауырсынуды сезінесіз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqyldy-teri-jasaldy-jandik-shaqsa-da-oq-atsa-da-auyrsynudy-sezinesiz-video-18061/#gsc.tab=0);
«Биоинженерлер бактерияны жолатпайтын кальмардікі тәрізді жасанды тері жасап шығарды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bioinjenerler-bakteriyany-jolatpaityn-kalmardiki-tarizdi-jasandy-teri-jasap-shygardy-18393/#gsc.tab=0);
«Электрондық тері қимылдарды таниды: оның көмегімен мәтінді ауада теруге болады» (https://cattar.islam.kz/kk/post/elektrondyq-teri-qimyldardy-tanidy-onyn-komegimen-matindi-auada-teruge-bolady-video-10495/#gsc.tab=0);
«Арабтар жасанды тері жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-jasandy-teri-jasady-14485/#gsc.tab=0);
«Ғалымдар киім сияқты киюге болатын тері өсірді» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-kiim-siyaqty-kiyuge-bolatyn-teri-osirdi-18130/#gsc.tab=0)