|
Роботтар адам баласын құрсағында жетілдіріп, өмірге әкелетін болады
|
Қытайдың Kaiwa Technology компаниясы ұрықтандыру сәтінен бастап толық жетілуіне барлық жағдай қарастырылған жасанды құрсағы бар роботтарды шығаруға уәде етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жобалардың бұрынғы нұсқаларының барлығы стационарлық инкубатор түрінде болған еді. Аталмыш компания өкілдері келесі жылдан қалдырмай мұндай роботтарды шығаруға уәде беріп отыр. Мұндай айрықша роботтың біреуі 14 мың доллардан жоғары. Әлбетте, мұндай тосын көрінетін роботтарды саудаға шығармас бұрын алдымен қоғам пікірі ескеріледі әрі заңнамаға сай келетіндігі немесе келмейтіндігі қаперге алынады. Тірі организм мен олардың ағзаларын жасанды жолмен өсіру технологиясынан бастап шала туған шараналардың аман қалуына (қараңыз: Шала туған шараналарды жетілдіретін жасанды құрсақ жасалды (видео) https://islam.kz/kk/news/arturli/shala-tugan-sharanalardy-jetildiretin-jasandy-qursaq-jasaldy-video-18890/#gsc.tab=0) және толық жетілуіне ықпал ететін пеинаталды медицинаға дейін бар. Десе де қытай ғалымдары ұсынып отырған бірегей жүйе – амниотикалық сұйықпен толтырылған жасанды жатырдан тұрады. Мұндай ортада эмбрион ұрықталған сәтінен бастап туғанша жетіледі: жасанды кіндік арқылы қоректік заттар беріледі, ал жасанды зерде шақалақтың жетілгеніне дейінгі халін қадағалайдыжәне оңтайлы биохимиялық өлшемдерін қамтамасыз етеді. Десе де қытай ғалымдарының алдында алынбас қамал секілді үлкен кедергі бар: заңнамалық тосқауыл. Қытайда және басқа елдердiң көпшiлiгiнде әйел организімінен тыс адам эмбриондарымен тәжірибелер жүргiзуге қатаң шектеулер қойылған. Заң бойынша ұрықты тек екі аптаға дейін ғана дамытуға рұқсат етіледі, бұл баланы анасының денесінен тыс жерде жетілдіруге және тууға мүмкіндік бермейді. Осындай сеебептермен қытай ғалымдары бұл тараптағы тәжірибелерінде тышқандармен шектелген.

![]()
