|
Робот қаршыға нағыз құс секілді ұша алады (видео+кескін)
|
Ғалымдар біртіндеп табиғатты көшірудің жолдарын игееріп қана қоймай, сонымен қатар, тірі құстың ұшу қабілетін қайталай алатын механиканы меңгерді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымы мен nwpu.edu.cn ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде қытайлар осы заманғы озық технология бойынша көш бастап, дамыған елдердің өзін шаң қаптырып кетті. Бұл тарапта қытай ғалымдары авиаконструктрлар ғасыр бойы көксеген жетістікке жетті. Дәлірегі, қытай инженерлері нағыз құс секілді ұша алатын RoboFalcon2.0 прототипті құрастырды. Лашын ба, қаршыға ма, жыртқыш құсты еске түсіретін роботтың корпусы жеңіл, қанаты ұзын. Ең бастысы – жерден катапултсыз немесе винтсіз көтеріле алады қанатын қағу арқылы. Осы орайда бүгінгі дрондардың дені винтсіз немесе роторсыз ұша алмайды. Түптеп келгенде, бұл конструкция ұшаққа немесе тікұшақтың кішірейтілген көшірмесі деуге келеді. Ал RoboFalcon2.0 тек қанатын қағып қоймай, сомыне бірге, қанатын бүге алады және жаза алады. FSF (flap–sweep–fold), яғни, “қағу – жазу – бүгу” режимі нағыз құстың қабілетін қайталауға мүмкіндік береді. Алдымен құс сияқты табанын жерге тіреп, алға сәл еңкейіп, содан соң бірден қанатын қағып, көкке көтеріледі де қалықтап ұшу режиміне ауысады. Бұл тараптағы жетістіктің бар құпиясы – қанатында. Жеңіл жақтау мен механикалық бүгін-жазу жүйесі түрлі режимжде жұмыс істейді. RoboFalcon2.0-дің салмағы – бар-жоғы 800 грамм, ал қанатының ұзындығы – ителгінікі секілді шамамен 1 метрден асады. Мұндай робот ұшқан кезінде ауа кедергісіне төтеп бере алады немесе маневр жасап, жалт беріп, бағытын өзгерте алады. Бұл бірегей жоба құстарды үркітіп алмай тіршілігін терең зерттеуге мүмкіндік береді. Тыңшылық пен барлауға таптырмайтын құрал.


