Рәкағат санынан жаңылдырмайтын жайнамаз жасалды
Рәкағат санынан жаңылдырмайтын жайнамаз жасалды
9 жыл бұрын 6910

Махачкала тұрғыны Елдар Клычев намаз кезінде рәкағат санын есептейтін сенсорлы жайнамаз ойлап тапты. Оның мұндай жайнамазды ойлап табуына рәкағат санынан шатасатыны түрткі болған. Нақтырақ айтқанда, сенсорлы жайнамазда бекітілген тактилді датчик әр рәкағатты тіркеп отырады. Бұл өз кезегінде намаз оқыған адамның рәкағат санынан шатаспауына көмектеседі. Егер намаз оқыған адам рәкағат санынан жаңылса, онда жайнамаздан вибрациялық сигнал беріледі. Айта кету керек, бұл сигнал намазға кедергі келтірмейді. Аталған жайнамазды ойлап тапқан жігіт пен оның тобы Ресей Федерациясында тиісті патентін алып үлгерді, сондай-ақ, халықаралық патент бюросына өтініш түсірді. Қазіргі уақытта осы жаңалығы үшін кәсіпкер атанған ол электронды жайнамаздың алғашқы партиясын шығару үшін осы игілікті іске 500 мың рубль мөлшерінде инвестиция құятын инвестор іздестіріп жатыр.

1 пікір
Мұрағат