Қытай роботы рекорд орнатты (видео)
Қытай роботы рекорд орнатты (видео)
10 ай бұрын 923 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Unitree ұсынған қытайдың Android H1 гуманоиды жылдамдығы жағынан әлемдік рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың робот құрастырумен айналысатын Unitree Robotics компаниясы ептілігі жағынан өзге роботтарды екі орайтын гуманоидті роботын жұртшылық назарына ұсынған екен. Android құрылғысы жазық немесе тегіс жерде сағатына 11,9 шақырымға дейін жыдамдығын арттырып, гуманоид роботтар арасында ж рекорд орнатып үлгерді. Сонымен қатар, ол баспалдақпен көтеріліп, түсуді меңгерген және би билейді, қимылдарының қаншалықты үйлесімді екенін көрсетеді. Н1 адаммен бірдей биіктікке тұрып секіруді де меңгерді. Бәсекелестерінен оқ бойы озық Н1 аяқтары гидравликалық жетектермен емес, әдеттегі M107 электр қозғалтқыштарымен қозғалады. Гуманоидты әдейі құлатпақ болсаңыз да тепе-теңдігін сақтайды. Ол Livox MID360 lidar модулімен және тереңдік сенсорымен толықтырылған Intel RealSense D435i камерасымен айналадағысын айнала сканерлейді. Деректерді өңдеу үшін жұп Intel Core i7 чиптері пайдаланылады. Дегенмен, әзірге H1 - бұл әрі қарай зерттеулер мен дамуға арналған прототип. Оның мүмкіндіктері жаппай өндіріске енгенше жетілдіріледі. Робот 3-10 жылдан кейін нарыққа шығады және кем дегенде 90 000 доллар тұрады.

0 пікір
Мұрағат