Қытай ғалымдары әлемдегі күріш астығын екі есе арттыратын сортын шығарды
Қытай ғалымдары әлемдегі күріш астығын екі есе арттыратын сортын шығарды
Кеше 163 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары әлемде алғаш рет өздігінен өсіп-өнетін гибридті күріш желісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, жаңа сорт күріштің әлемдік өндірісін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Жаңа сорттың негізгі ерекшелігі – тұқымды өңдеу (клондау) арқылы кейінгі буындарда өзінің жоғары өнімділігін сақтап қалатын қабілетінде жатыр. Бұл артықшылық өз кезегінде фермерлерді жыл сайын қымбат тұратын гибридті тұқымдарды сатып алу шығыны мен машақатынан құтқарады. Экономикалық тиімділігі жағынан да, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да айрықша күріш сортының маңызы артады. Бұл тараптағы бірегей технология азық-түлік дағдарысымен күресу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Африка құрлығының азық-түлік тапшылығы бар өңірлерде жаңа күріштің өнімділігі бұрынғы сорттардан төрт есе дерлік асып түсуі мүмкін, ал бұл жүздеген миллион адамға көмектесе алады. 

0 пікір
Мұрағат