Қолдан егілген ағаш орман ағашын алмастыра алмайды – зерттеу
Қолдан егілген ағаш орман ағашын алмастыра алмайды – зерттеу
3 жыл бұрын 1880 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қолдан отырғызылған орман алқабы өсімдікке бай табиғи орман-тоғайды алмастыра алмайды. Бұл туралы islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді асылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Табиғи орман-тоғай экологиялық жүйені сақтауда қолдан егілген орманға қарағанда көп артықшылыққа ие. Соның ішінде, табиғи орман қолдан егілген орман-тоғайға қарағанда көміртекті молынан жинайды, судың мол қорымен қамтамасыз етеді, топырақтың құнарлығын сақтайды, дәлірегі, топырақтың эрозияға ұшырау қаупінің алдын алады. Бұдан бөлек, биологиялық әр алуандылықты сақтайды. Ал қолдан егілген орманды бұл процесс баяу жүреді әрі жұтаң келеді. Қытай, Ұлыбритания, Бразилия бастаған жеті елдің ғалымдары әлемнің 53 елінде 264 далалық зерттеуден 26 мыңға тарта мәліметті зерделеп сараптаған болатын. Бұл тарапта ғалымдар орман-тоғайды қалпына келтірудің барлық тәсілдері бірдей нәтиже бермейтініне көз жеткізген, ал құрамында әртүрлі ағаш, бұта-қараған және шөп тектес түрлерінің қоспасы бар табиғи ормандар көміртегін сіңіру, топырақ эрозиясын болдырмау және сумен қамтамасыз ету секілді экологиялық маңызды функциясында ағаш түрі шектеулі жасанды орман-тоғай әлеуетінен көп асып түскен. Топырақ эрозиясымен күрестің плантация үлгісіндегі ормандарды қалпына келтіруде көп төмендеп кетеді, ал сумен қамтамасыз ету, әсіресе, құрғақ климатта - ылғал көзі аз жерде қиындық тудырады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ағаш өндірісі үшін пайдаланылатын күллі әлемдегі орман алқаптарын табиғи орман-тоғайға айналдырудың экологиялық маңызы зор. Ол үшін жасанды орман алқаптарының еркін өсуіне кедергі келтірмеу керек.

0 пікір
Мұрағат